![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Тамыр — жақсы жолдас, қимас, сыйлар дос-жар болу. Қазақ халқы ежелгі дәстүр бойынша құшақтасып, төс қағысып дос болған. Бұлар бір-бірінің қуаныш-ренішіне ортақ, қашан да бір-біріне көмекші, қамқор, тату болуға міндетті. Достықтары ұзақ жылдарға созылған достар «достықтың аяғын сүйек айырады» деп, қыз алысып, «мың жылдық» құда болысады. Егер басқа екі ұлт өкілдері (қазақ-орыс, қазақ-қырғыз т.б.) достасын алыс-беріс, қарым-қатынас жасаса, олар бір-бірін «тамыр» деп атайды.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998