Тарбақай (Rhaphіdophyton regelіі) – алабұталар тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Қаратау мен Талас Алатауында, тасты және қиыршықтасты жерлерде өсетін 1 түрі – Регель Т-ы (R. regelіі)бар. Оның биікт. 8 – 25 см. Түп жағынан бұтақталып өседі. Бір жылдық өркендері жалаңаш, қара қошқыл түсті болады. Жапырақтары үш қырлы (ұз. 4 см, ені 1 мм-дей), тікенді, түп жағынан кеңейген. Гүлдері гүл жапырақтарының қолтығында жетіледі. Қара қошқыл күрең түсті гүл жапырақтары гүлдерінен едәуір көп болады. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жеміс салады. Өте баяу өседі. Түйіні шар тәрізді. Тұқымы тегіс, сырты жұқа қабықпен қапталған. Регель Т-ы өте сирек кездесетін монотипті, реликт өсімдік. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады. Жылдан-жылға таралу аймағы азайып, жойылып бара жатқан түр болғандықтан, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Дереккөздер
АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер