Таутандар (лат. Gymnocephalus) — алабұға тәрізділерге жататын балықтар. Таутандар Ақ және Балтық теніздерінде, Солт. Мұзды мұхит өзендерінің алаптарында, Қара және Каспий теніздерінің солтүстік бөліктеріне құятын өзендерде кездеседі. Қазақстанда Таутандар кең тараған, тек респуликаның оңтүстегіндегі су алаптарында кездеспейді.
Таутандар | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Gymnocephalus cernua | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Perca schraetser Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
|
Туыстың 4 түрі, Қазақстанда 1 түрі – кәдімгі Таутандар (G. cernua) бар. Оның денесінің ұзындығы 8 – 12 (20) см, салм. 15 – 25 (100) г. Су түбінде үйір құрып тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Табиғи жағдайда 7 – 12 жылдай тіршілік етеді. Сәуір – маусым айларында су температурасы 8 – 20 oС болғанда су түбіндегі қиыршық тастарға, өсімдік тамырларына 100 мыңға жуық уылдырығын шашады.
Таутандардың шабағы зоопланктонмен, ересегі зообентоспен қоректенеді. Қоректену белсенділігі ымыртта арта түседі. Кәсіптік маңызы шамалы, кәсіптік балықтардың (табан балық, т.б.) қоректік бәсекелесі болып саналады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |