Текелі қорғасын-мырыш комбинаты – Қазақстандағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындарының бірі. Алматы облысындағы Жетісу Алатауы сілемдерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. 1933 жылы инжылы-геологтар пен зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзеннің жағалауынан қорғасын-мырыш кен орны ашылды. Комбинат құрылысы 1937 жылы басталып, кен өндіру және оны өңдеу жұмыстары 1942 жылдан жүргізіліп келді. Комбинат құрамында Текелі, Көксу, Тұйық кеніштері мен 2 кен байыту фабрикасы, бірнеше қосымша цехтар жұмыс істеп келген. Комбинаттың негізгі өнімі – қорғасын, мырыш және барит концентраттары еліміздің түсті металлургия зауыттары мен химия, мұнай өндіру кәсіпорындарында қайта өңделіп отырған. 1971 жылы Текелі қорғасын-мырыш комбинаты кен өндірудегі жоғары өнімді технологияны өндіріске енгізгені үшін КСРО халық шаруашылығы көрмесінің алтын және қола медальдарымен марапатталған. 1996 жылы жоғары сапалы (45%) рентабельді кентас қабатының бітуіне байланысты комбинат өз жұмысын тоқтата бастады. 2003 жылдан жиналып қалған клинкерді (қалдықтарды) өңдеумен бір ғана цех жұмыс істеп тұр.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер