Тел Бұқпанұлы Жаманмұрынов (1888 жыл, Торғай облысы, Ырғыз уезі (Ақтөбе облысы) - 1938 жыл, ақпан) - Алаш қайраткері, ауылшаруашылығы ісін дамытуды мемлекеттік дәрежеде ұйымдастырушы.
Кіші жүздің Шөмекей руы Көнек бұтағынан шыққан
Шежіре: Тел-Жаманмұрын-Солтай(Сұлтанай)-Маңғытай-Қошқар-Байкөнек-Азнабай(Көпсек)-Қыдырымбет-Көнек-Шомекей[
Өмірбаяны
- 1907-1912 жылдары Орынбордағы реалдық училищеде оқыған.
- 1913-1917 жылдары Петровско-Разумовский атындағы оқып жүріп ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысқан.
- 1916 жылы I дүниежүзілік соғысқа алынған қазақ сарбаздарына көмек көрсетуші арнайы топқа (Минск, Батыс майданындағы «Земсоюз») кірді.
- 1917 жылы Орынборда құрылған «Еркін дала» ұйымының басшылығында болды.
- Осы жылы 1-сәуірде өткен Торғай облысы қазақтарының сиезіне «ұлтшыл студент» деген мәртебемен қатысады.
- Алаштың 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен бірінші жалпықазақ сиезіне Торғай облысынан қатысып, онда Бүкілресейлік құрылтайға депутат болып ұсынылған.
- 1917 жылы 20-25 тамызда Ақтөбеде өткен Торғай облысы қазақтарының екінші сиезін ұйымдастыру шараларына қатысып, жиында хатшы қызметін атқарды.
- 1917-1918 жылдары бірыңғай Түркістан автономиясына қосылуды жақтаушылардың қатарында болады. Осы уақытта Ырғыз уездік жер комитетінің төрағасы, алғаш атқару комитетінің төрағасы, кейін төрағаның орынбасары қызметін атқарды.
- 1919-1921 жылдары уездік жер бөлімінің меңгерушісі, жұмысшы-шаруа инспекңиясының және статистикалық бюроның басшысы.
- 1921 жылдың шілде-тамыз аралығында Қазақ автономиялық республикасы Егін шаруашылығы халық комиссарының орынбасары
- 1929 жылға дейін Егін шаруашылығы халық комиссариаты жабдықтау, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы басқармаларының бастығы.
- 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржолын жобалау және жабдықтау шараларына да қатысты.
- 1929-1930 жылдары Қазақ автономиялық республикасы Статистикалық басқармасы бастығының орынбасары.
- 1930 жылы Алашқа қатысы болғаны үшін «қылмыстық жауапкершілікке» тартылды.
- 1932-1933 жылдары Шымкенттегі Түйе шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауылшаруашылық тобының меңгерушісі, мал шаруашылығы секторының басшысы.
- 1933-1934 жылдары республикалық Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы төралқасының мүшесі.
- 1934 жылы Ақтөбе облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы.
- 1935 жылы Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы мал өсіру секторының меңгерушісі.
- НКВД шешімімен 1937 жылы мамырда тұтқындалып, 1938 жылы ақпанда атылған.
Дереккөздер
- Шөмен ата шежіресі Кіші жүз Шөмекейлер шежіресі: тарихи шежіре кітап / Каракожаев М. – Алматы, DS Yanus, 2015. - 448 бет.
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер