Темір кентастары – темір металын бөліп алу экономикалық жағынан тиімді саналатын табиғи минералдық түзілімдер. Темір кентастары минералдық құрамы, темірінің мөлшері, пайдалы және зиянды қоспалары, түзілу жағдайлары, өндірістік қасиеттері жағынан әр түрлі болып келеді. 300-дей минералдарының ішінде кентас құрайтындары: магнетит, гематит, магномагнетит, мартит, гетит, гидрогетит, сидерит, сидероплезит, шамозит, тюрингит, липидокрокит, титаномагнетит. Өндірістік кентастардағы темір мөлшері 16 – 70% аралығында. Пайдалы қоспаларына Nі, Co, Mn, W, Mo, Cr, V тағы басқа; зиянды қоспаларына S, P, Sn, Pb, As, Cu, тағы басқа жатқызуға болады. Темір кентастары бай (Fe50%), орташа (Fe30 – 50%), жұтаң (Fe25%) болып бөлінеді. Магматогендік, экзогендік және метаморфогендік процестерге байланысты қалыптасқан кендерді магниттік, сеперациялық, гравитациялық әдістермен өндіреді. Магмотогендік тип магмалық, жапсарлық-метасоматикалық (скарндық), гидротермалдық болып жіктеледі (Соколов, Сарыбай кендері). Экзогендік типтегі шөгінді кендер теңізге, көлге, өзен маңайына көшіріліп әкелінген тау жыныстарынан немесе хим. тұнбалардан түзіледі (Кривой Рог, магнит аномалиясының кендері). Метаморфогендік типтің кендері шөгінді, жанартаутекті тау жыныстарының жоғары темп-ра мен қысым жағдайында күшті өзгеруінен және минералдардың өзара ауысуынан қалыптасады. Темір кентастарынан негізінен шойын, болат, ферроқорытпа балқытылады. Қазақстандағы темір кентастарының басты белдемдері: Атасу, Қостанай, Қарсақбай, Жуантөбе.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekpsTDBobGJXRjBhWFJoUlZvdWFuQm5Mek13TUhCNExVaGxiV0YwYVhSaFJWb3VhbkJuLmpwZw==.jpg)
Пайдаланылған әдебиет
- Қазақ энциклопедиясы, 8 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер