Терісаққан – Есіл алабындағы өзен.
Терісаққан өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 334 км |
Су алабының ауданы | 19500 км² |
Су алабы | Есіл алабы |
Бастауы | Бақаншайыншақ тауы етегіндегі бұлақ |
• Координаттары | 49°21′56″ с. е. 67°36′35″ ш. б. / 49.36556° с. е. 67.60972° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Есіл өзені |
• Координаттары | 51°14′58″ с. е. 67°09′33″ ш. б. / 51.24944° с. е. 67.15917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°14′58″ с. е. 67°09′33″ ш. б. / 51.24944° с. е. 67.15917° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола, Қостанай, Ұлытау облыстары |
Географиялық орны
Бастауы
Бастауын Ұлытаудағы Бақаншайыншақ тауы етегіндегі бұлақтардан алып, Көксай ауылы тұсында Есіл өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 334 км, су жиналатын алабы 19500 км2. Аңғарының ені жоғары бөлігінде 3-5 км, төмендегі ағысында кең, жайпақ келеді, жайылмасы 2 жақты, жоғары бөлігіңде арнасы ирелең. Жауын-шашын суынан толысады.Суы тұщы, сәл кермек - ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су шығыны Балталы ауылы тұсында секундына 8,97 м3. Сағасында топырақтан үлкен тоған салынған.Тоған суы - тұщы, жазда шабындық суаруға, елді мекендер мұқтажына пайдаланылады. Өзеннің жоғары және орта өңірі мал жайылымы, шабындық.
Салалары
Терісаққанға жалпы ұзындығы 109 км болатын 25 шағын өзен мен жылғалар құяды. Басты салалары –Майбұлақ, Шолақсай, Талсай, Босағаөзек, Бала Терісаққан, Ащылы, Шабдар, (Көкпекті), Қайрақты.
Жағалауындағы елді мекендер
Байжігіт, Балталы, Ковыльное, Матросово, Гагаринский Меңдеш, Шалгай, Молодежное, Целиное, Бектас, Жалғызтал, Терісаққан.
Дереккөздер
- Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер