Теріс – Аса өзенінің алабындағы өзен.
Теріс өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 51 км |
Су алабының ауданы | 485 км² |
Су алабы | Аса өзені |
Бастауы | Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайы |
• Координаттары | 42°51′05″ с. е. 70°30′47″ ш. б. / 42.85139° с. е. 70.51306° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Аса өзені |
• Координаттары | 42°40′20″ с. е. 71°10′41″ ш. б. / 42.67222° с. е. 71.17806° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°40′20″ с. е. 71°10′41″ ш. б. / 42.67222° с. е. 71.17806° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Жамбыл облысы Жуалы ауданы |
Географиялық орны
Жамбыл облысы Жуалы ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 485 км².
Бастауы
Бастауын Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс баурайынан алып, оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа қарай бұрала ағып, Теріс-Ащыбұлақ бөгеніне құяды. Бөгеннен өткен соң, Күркіреусу өзенімен қосылып, Аса өзені басталады. Өзеннің 20 км-ден астам екі саласы және оншақты ұсақ салалары бар. Қар, жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Аңғары жоғары ағысында 60-110 м, жазықта 300-450 м. Өзен егістікті суаруға пайдаланылады. Жағалауы шабындық. Теріс өзенінің бұрынғы атауы - Мыңбұлақ болған. Ол жөнінде 630 жылдар шамасында Қытай жиһангері Сюань-Цзяньнан жазған сапарнама баян етеді.
Дереккөздер
- Тараз энциклопедиясы
- Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер