Бұл отрядтағы бунақденелілер егістікке, бау-бақшаға, баққа және орманға едәуір зиян келтіретін әр алуан болады. Ауыз мүшелері шаншып-соруға бейімделген.
Бітелер
- денесі қампайған, өсімдіктің шырынымен қоректенетін ұсақ жәндіктер. Бұлардың аталықтарында көлденең жүйкелі қанат болады, аналықтары қанатсыз болып келеді. - жүзімде, қанды біте және -алма ағашында , - орамжапырақта мекендеп, жапырағына, тамырына және қауданына зақым келтіреді.
Қалқаншалылар
Алма, алмұрт ағаштары өсірілетін бақтардағы жеміс ағаштарынан жапырақтарына немесе сабағына жабысып тұрған балауызды қалқаншалыларды кездестіру онша қиынға соқпайды. Осы бұдырларда қалқаншалылардың аналықтары тіршілік етеді. Қалқаншалылардың ауыз мүшесі шаншып - соруға бейімделген, аталықтарының аузы болмағандықтан - қоректенбейді, ал аналықтарының паразиттік тіршілікке орай қанаттары мен аяқтары жойылып, қысқа тұмсықшасымен өсімдік шырынын сорады. Қазақстанда үтір тәрізді қалқаншалыларды қайың, теректің, сондай-ақ қарақат, долана бұтақтарынан кездестіруге болады. Қалқаншалылардың бояу алуға қолданылатын пайдалы түрлері бар, олар Мексикада мекендейді. Қазіргі кезде қалқаншалылардың қызыл бояу беретін деген түрі бұрынғы КСРО-да жерсіндірілді. Боямықтардан аса құнды қызыл сыр- кармин өндіріледі.
Дереккөздер
Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 113 б.,
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер