Тимирязев Климент Аркадьевич (3.6.1843, Ресей, Санкт-Петербург қ. – 28.4.1920, Мәскеу қ.) – табиғат зерттеушісі, өсімдік физиологиясы орыс мектебінің негізін қалаушы. Санкт-Петербург ғылым академиясының корр. мүшесі (1890 жылдан). Санкт-Петербург университетін бітірген (1865). 1869 жылдан Егіншілік және орман академиясында (қазір К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу а. ш. академик) оқытушы болды. 1877 ж. Мәскеу университетіне профессорлыққа сайланды, өмірінің соңғы 10 жылында жазушылық-шығармашылық жұмыспен айналысты. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты өсімдік физиологиясына арналған. Тимирязев негізінен фотосинтез процесін зерттеді; спектрлік анализді қолдана отырып, фотосинтездің белсенділігі түсетін жарықтың қарқындылығына байланысты болатынын, ол үшін жарық спектрінің қызыл және көк сәулелерінің маңызды рөл атқаратынын бірінші болып дәлелдеді. Тимирязевтің қолдауымен Санкт-Петербург академиясының аумағында өсімдіктерді қолдан өсіруге арналған Ресейдегі бірінші вегетац. үй салынды. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімін Ресейде ең алғаш насихаттаушылардың және оны ілгері дамытушылардың бірі болды. Ол қазіргі кезде тіршілік етіп жүрген организмдер ұзақ уақыт эволюцияның нәтижесінен пайда болған деп көрсетті. “” (1865), “” (15-басылымы, 1941), “” (1922), “” (1893), т.б. еңбектерінде өсімдік физиологиясын, тіршіліктің, дүниенің табиғи құбылыстарын тәжірибелік әдістермен ұштастыра жүргізудің тиімділігін материалистік тұрғыдан дәлелдеді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZrTDB0c2FXMWxiblJmVkdsdGFYSjVZWHBsZGk1cWNHY3ZNakF3Y0hndFMyeHBiV1Z1ZEY5VWFXMXBjbmxoZW1WMkxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Тимирязев Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1911), Глазго (1901), (1909), Женева (1909) университеттерінің құрметті докт., Эдинбург ботаникалық қоғамының мүшесі (1911) болды. Мәскеу қаласында Тимирязевке ескерткіш орнатылып, Мәскеу а. ш. академиясына, Ресей ғылым академиясының Өсімдік физиологиясы институтына, Мәскеудің бір ауданына Тимирязев есімі берілді, тұрған үйінде мұражай ұйымдастырылған.
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер