Тоби Магуайр (ағылш. Tobey Maguire, [ˈtʰoʊbɪ mæɡˈwɑːɪər], 27 маусым 1975 жыл, Калифорния, АҚШ) — америкалық актёр, фильм продюсері. Магуайр Сэм Рэймидің « трилогиясында (2002–2007) басты кейіпкердің рөлін сомдағаны үшін белгілі.
Тоби Магуайр | |
ағылш. Tobey Maguire | |
Магуайр 2014 жылы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі | Тобиас Винсент Магуайр (ағылш. Tobias Vincent Maguire) |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | актер, фильм продюсері |
Белсенді жылдары | 1989– |
IMDb |
Магуайр мансабын фильмдердегі қосалқы рөлдерден бастады: (1993), (1998) сынды фильмдер. Басты рөл ойнаған фильмдер қатарында (1998), (1999), (2003), (2006), (2009), Ұлы Гэтсби (2013) және (2014) сияқты фильмдер бар.
Магуайр «Ағайындылар» фильміндегі «драмалық фильмдегі үздік актёр» номинациясында «Алтын глобус» сыйлығын алды (2009). Ол 2012 жылы Material Pictures деп аталатын жеке продюсерлік компаниясын құрды және Жақсы адамдар (2012), Пешканы құрбан ету (2014) және (2022) фильмдерін бірлесіп шығарды.
Жастық шағы және білімі
Тобиас Винсент Магуайр 1975 жылдың 27 маусымында Санта-Моника, Калифорнияда Уэнди Браун мен Винсент Магуайрдың отбасында дүниеге келді. Оның ата-анасы (екеуінің де шығу тегі шотландиялық) Магуайр екі жаста ғана болғанда екеуі ажырасып кетті және Магуайр балалық шағының көп бөлігін түрлі отбасы мүшелерімен бірге өткізді.
Балалық шағында Магуайр аспаз болу идеясын ойлап, алтыншы сынып оқушысы кезінде үй шаруашылығы (home economics) сабағына жазылғысы келді. Анасы оған драма сабағын таңдаса 100 доллар беретінін ұсынды, Магуайр келісті. Мектеп жылдарындағы өтпелі табиғаты Магуайрға эмоционалды түрде зиян тигізе бастады және бірінші курста тағы бір қоныс аударғаннан кейін ол жоғарғы сынып мектебін тастап, қайта оралмады. Оның орнына ол актёрлік мансаппен айналысатынын шешті.
Мансабы
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk5tTDFSdlltVjVYMDFoWjNWcGNtVmZNakF3Tmk1cWNHY3ZNakl3Y0hndFZHOWlaWGxmVFdGbmRXbHlaVjh5TURBMkxtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Магуайрдың көркем фильмдегі алғашқы рөлі 1989 жылғы « фильмінде болды. Ол Лукас Бартон көмекшілерінің бірін ойнады, бірақ ол жерде еш сөз сөйлеген жоқ. Ол 1990 жылдардың басында балалар актері болып жұмыс істеді. Ақырында, ол «Тамаша Скотт!» FOX телехикаясында тұңғыш басты рөліне қол жеткізді, алайда бұл сериал тоғыз аптадан кейін жабылуға мәжбүр болды.
Бірнеше кастинг кезінде Магуайр тағы бір өсіп келе жатқан актёр, Леонардо Ди Каприомен таныс болды. Екеуі көп ұзамай дос болды және бір-біріне фильмдерде және өзге де жобаларда рөл алуға көмектесетін болды. Мысалы, екеуі де 1989 жылғы « комедиясына кастингке қатысты. Басты рөл Ди Каприоға ұсынылды және Магуайр кейінірек Ди Каприоның ұсынысы бойынша қонақ рөліне ие болды. Ұқсас жағдай 1993 жылы « фильміне кастинг кезінде де орын алды (басты рөлде Роберт Де Ниро болған), Ди Каприо Тобиас «Тоби» Уольф басты кейіпкерінің жасөспірім рөлін алды Магуайр оның достарының бірі ретінде басқа бір рөлге қол жеткізді.
1990 жылдардың ортасына қарай ол тұрақты жұмыс істеді, бірақ сонымен қатар басқа да жас актёрлердің ішімдікке толы өмір салтына көшті. 1995 жылы ол режиссер Аллан Мойлдан оны фильміндегі рөлінен босатуды сұрады. Мойл келісті және Магуайрдың барлық сценалары соңғы фильмнен жойылды. Содан кейін Магуайр Анонимді маскүнемдерден өзінің ішу мәселесі бойынша көмек сұрады, содан бері ол ішімдікке салынбайды.
Маскүнемдігінен айырылу мақсатымен Магуайр мансаптық жолын сәл өзгертіп, ДиКаприо қатысқан кастингтерге қатыса бермейтін болды. Нәтижесінде ол 1997 жылғы атты драмалық фильмінде басты рөлге қол жеткізді. Бұл оның (1998), (1999) сияқты фильмдерде түрлі басты рөлдерге қол жеткізуіне әкелді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHlMekkwTDFSdlltVjVYMDFoWjNWcGNtVmZaM0psWlhSelgyWmhibk5mWVhSZlUzQnBaR1Z5YldGdVh6TmZZbmxmUkdGMmFXUmZVMmhoYm10aWIyNWxMbXB3Wnk4eU1qQndlQzFVYjJKbGVWOU5ZV2QxYVhKbFgyZHlaV1YwYzE5bVlXNXpYMkYwWDFOd2FXUmxjbTFoYmw4elgySjVYMFJoZG1sa1gxTm9ZVzVyWW05dVpTNXFjR2M9LmpwZw==.jpg)
2002 жылы Магуайр танымал Marvel Comics Өрмекші-адамға негізделген «Өрмекші-адам» фильміне түсті. Фильм үлкен табысқа жетіп, оны жұлдызға айналдырды. Ол (2004) және (2007) сиквелдерінде рөліне қайта оралды, сонымен қатар фильмдермен байланысты жасалған видео ойындарда аттас кейіпкерді дыбыстады.
Сценарий мен өндірістік қиындықтарға байланысты ұсынылған төртінші Өрмекші-адам фильмі орындалмай қалды.Sony компаниясының Columbia Pictures компаниясы франшизаны қайта бастауға шешім қабылдады. «Жаңа Өрмекші-адам» деп аталатын фильм 2012 жылдың 3 шілдесінде жарыққа шықты, онда басты рөлді басқа актёр, Эндрю Гарфилд ойнады.
Магуайр « фильміндегі басты рөлді сомдады. 2006 жылы ол өзінің тұңғыш зұлым рөлін сомдады; ол Стивен Содербергтің « фильмінде Джордж Клуни мен кейіпкерлеріне қарсы ефрейтор Патрик Тулли рөлін сомдады. Ол сонымен қатар продюсер болып табылады, оның продюсер екені 25-сағат (2002), Біз не істесек те (2003) фильмдерінің жазуларында жазылған және ол фильмінің атқарушы продюсері болды.
2009 жылы ол Джейк Джилленхол және Натали Портманмен бірге түсірген « соғыс драмасында Сэм Кэхилл рөлін сомдады. Ол фильмдегі рөлі үшін сыншылардың бағасын алып, «Алтын глобус» номинациясына ие болды. Магуайр «Пи өміріндегі» (2012) Автор рөлін сомдайды деп жоспарланды, оны режиссер Энг Ли түсірді, бірақ оның «тым танымал» болғандығынан түсіру кезінде фильмнен алып тастады және оның орнына Раф Спалды таңдады, Ли Магуайр болған сценаларды қайта түсіруді шешті.
2012 жылы Магуайр Жақсы адамдар фильмінің бірлескен продюсері болды. Сол жылы ол сонымен қатар 2013 жылы көбірек көркем фильмдер шығаруға көмектесу үшін тәуелсіз қаржыландыруды қамтамасыз еткен Material Pictures атты өзінің өндірістік компаниясын құрды. Магуайр мен Ди Каприо тағы да бірге «Ұлы Гэтсби» (2013) ремейкінде өнер көрсетті.
Оның келесі фильмі « (2014), сонымен қатар Material Pictures компаниясымен бірлесіп шығарылды. Бұл Магуайр сомдаған америкалық шахматшы шынайы оқиғасына негізделген триллері болды.
Магуайр өзінің ізбасарлары Том Холланд пен Эндрю Гарфилдпен бірге Marvel кинематографиялық әлемі фильміндегі "" (2021) фильмінде Питер Паркер / Өрмекші-адам рөліне оралды. Ол Дэмьен Шазеллдің « ансамбльдік фильмінде рөл сомдады, онда ол сонымен қатар атқарушы продюсер болды.
Жеке өмірі
Магуайр 1992 жылдан бері вегетарианшыл; 2009 жылы ол веган болды. Ол фильмдегі рөлдер үшін салмақ қосу, не жоғалту үшін диетасына өзгерістер енгізді: ол фильмі үшін салмағы күрт төмендетті, содан кейін үшін салмақты қалпына келтіру үшін диетасын тағы өзгертті. Магуайр 19 жасынан бастап ішімдікті қойған, жасөспірім кезінде алкогольмен «біраз қиындықтарды» бастан кешірген еді.
Магуайр зергерлік бұйымдар дизайнері Дженнифер Мейермен 2003 жылы студиясында Фаворит фильмін түсіру кезінде кездесті және олар 2006 жылдың сәуірінде үйленді. Олардың қызы сол жылдың қараша айында дүниеге келді. Мейердің әкесі, Universal студияларының басшысы Рональд Мейер Магуайрдың 2003 жылы фильмінен қуылғаннан кейін Магуайрға жұмысына қайта оралуына көмектескені хабарланған. 2009 жылы мамырда олардың екінші баласы, ұл дүниеге келді. 2016 жылдың 18 қазанында ерлі-зайыптылар тоғыз жылдық некеден кейін бөлек тұратынын жариялады. 2020 жылы, бөлек тұрғандарына төрт жыл болғанда, Мейер ажырасуға өтініш берді.
Фильмографиясы
Кино
Жылы | Атауы | Рөлі | Қосымша | Дер. |
---|---|---|---|---|
1989 | The Wizard | Видео Армагеддондағы Лукастың көмекшісі | Фильм соңында жазылмаған | |
1993 | This Boy's Life | Чак Болгер | ||
1994 | Қызыл баронның кегі Revenge of the Red Baron | Джимми Спенсер | ||
Жапондық полицей S.F.W. | Эл | |||
Емші Healer | Жасөспірім | |||
1997 | The Ice Storm | Пол Худ | ||
Гарриді бөлу Deconstructing Harry | Харви Стерн | |||
Көңілді сапар Joyride | Джэй-Ти | |||
1998 | Fear and Loathing in Las Vegas | Жаяу жолаушы | ||
Pleasantville | Дэйвид / Бад Паркер | |||
1999 | The Cider House Rules | Хоумер Уэллс | ||
Сайтанмен қуғын Ride with the Devil | Джэйк Роудэл | |||
2000 | Вундеркиндтер Wonder Boys | Джэймс Лиэр | ||
2001 | Донс Плам Don's Plum | Иан | ||
Мысықтар мен иттер Cats & Dogs | Луис "Лу" Броуди | Дыбыстама актёрі болды | ||
2002 | Өрмекші-адам Spider-Man | Питер Паркер / Өрмекші-адам | ||
2003 | Seabiscuit | Джон «Рэд» Поллард | ||
2004 | Spider-Man 2 | Питер Паркер / Өрмекші-адам | ||
2006 | The Good German | Ефрейтор Патрик Талли | ||
2007 | Spider-Man 3 | Питер Паркер / Өрмекші-адам | ||
2008 | Tropic Thunder | Өзі | Қонақ | |
2009 | Brothers | Капитан Сэм Кэйил | ||
2011 | Егжей-тегжейлер The Details | Джэфф Лэң | ||
2013 | Ұлы Гэтсби The Great Gatsby | Ник Кәрріуэй | ||
Labor Day | Ересек Хенри Уиилер | |||
2014 | Pawn Sacrifice | Роберт Джеймс Фишер | ||
2017 | The Boss Baby | Ересек Тим Тэмплтон / Баяндаушы | Дыбыстама актёрі | |
2021 | Spider-Man: No Way Home | Питер Паркер / Өрмекші-адам | ||
2022 | Babylon | Джэймс Маккей | ||
2023 | Spider-Man: Across the Spider-Verse | Питер Паркер / Өрмекші-адам | мен фильмдерінен архивтік сценалар |
Телевизия
Жыл | Атауы | Рөлі | Қосымша | Дер. |
---|---|---|---|---|
1989 | Родни Дэнджерфилд: Роднидің жеріндегі ашылуы кеші Rodney Dangerfield: Opening Night at Rodney's Place | 3-бала | Фильм | |
1990 | Tales from the Whoop: Hot Rod Brown Class Clown | Хот Род Браун | Фильм | |
1990 | Бірінші мен он 1st & Ten | Чад | "Мен футбол ойнамасам" эпизоды | |
1990 | Блоссом Blossom | Атталмаған ұл бала | "Секс, Жалған & Жасөспірімдер" эпизоды | |
1991 | Эйри, Индиана Eerie, Indiana | Трип Макконел | "Өлі хат" эпизоды | |
1991 | Розанна Roseanne | Джэфф | "Әулие Валентин күні" эпизоды | |
1992 | Wild & Crazy Kids | Өзі | Great Scott! сериалына промо | |
1992 | Great Scott! | Скотт Мэлрод | Басты рөл | |
1994 | Уокер, Техас рейнджері Walker, Texas Ranger | Дуэйн Парсонс | "Адасқан ұл" эпизоды | |
1994 | Соғыс олжалары Spoils of War | Мартин | Фильм | |
1994 | Көмек сұраған баланың жасы A Child's Cry for Help | Питер Лайвли | Фильм | |
1996 | Жындылықтың арбауына түскен Seduced by Madness | Чак Борхардт | Фильм | |
1996 | Би герцогі Duke of Groove | Рич Купер | Қысқа фильм | |
2000 | Saturday Night Live | Өзі | "Тоби Магуайр / " эпизоды | |
2014 | Дэвон | Басты рөл; сонымен қатар продюсері | ||
2023 | Экстраполяциялар Extrapolations | Николас | "2068: Қоштасу кеші” эпизоды |
Видео ойындар
Жыл | Атауы | Рөлі | Дер. |
---|---|---|---|
2002 | Питер Паркер / Өрмекші-адам (дыбыстама) | ||
2004 | |||
2007 |
Марапаттары және номинациялары
Премиясы | Жыл | Санат | Жұмысы | Нәтижесі |
---|---|---|---|---|
«Алтын глобус» | 2010 | Номинация | ||
« | 1999 | Жеңіс | ||
2003 | Өрмекші-адам | Номинация | ||
2005 | Жеңіс | |||
2010 | Ағайындылар | Номинация | ||
« | 2005 | Өрмекші-адам 2 | Номинация | |
Финикс киносыншыларының қоғамы | 2001 | Басты рөлден басқа рөлдегі үздік актёр | Вундеркиндтер | Номинация |
2000 | Көркем фильмдегі үздік актёрлік құрам | Номинация | ||
2004 | Номинация | |||
Торонто киносыншыларының қоғамы | 2000 | Басты рөлден басқа рөлдегі үздік актёр | Вундеркиндтер | Жеңіс |
Дереккөздер
- SIEGEL, Tatiana Tobey Maguire’s Material Pictures Expands with New Backer Onboard (ағыл.). The Hollywood Reporter (28 March 2013). Тексерілді, 11 қараша 2023.
- HAMMOND, Pete ‘Pawn Sacrifice’ Review: Tobey Maguire Makes All The Right Moves In Gripping Bobby Fischer Story (ағыл.). Deadline Hollywood (15 September 2015). Тексерілді, 11 қараша 2023.
- Tobey Maguire (ағыл.). biography.com. Тексерілді, 11 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Tobey Maguire (ағыл.). MyHeritage. Тексерілді, 11 қараша 2023.
- JANES, Alice Tobey Maguire (ағыл.). The Independent (29 April 2007). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- CLINTON, Paul Tobey Maguire: A thoughtful 'Spider-Man' (ағыл.). CNN (2 May 2002). Тексерілді, 12 қараша 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- WILLIAMS, Kam Interview: Tobey Maguire (ағыл.). Black Star News (4 May 2007). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- MACKIE, Drew 25 Years Later, Revel in the Nostalgia of 'The Wizard' (ағыл.). People (18 December 2014). Тексерілді, 12 қараша 2023.
- Conversations with Leonardo di Caprio, 23 қыркүйек 2014. SAG Foundation
- Tobey Maguire (ағыл.). AskMen.com. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Tobey Maguire reveals AA meetings (ағыл.). addictioninfo.org (12 April 2007). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- HOCHMAN, David THE AMAZING TOBEY MAGUIRE (ағыл.). Sun Sentinel (3 May 2002). Тексерілді, 12 қараша 2023.
- Raimi, Maguire Out of 'Spider-Man 4' (ағыл.). MSN.com. Мұрағат көшірмесі 14 шілденің 2011 Wayback Machine мұрағатында
- Tobey Maguire to start in the Good German (ағыл.). Movie Web. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Tobey Maguire biography (ағыл.). Yahoo! Movies.
- WALES, George Tobey Maguire cut from Ang Lee's Life of Pi (ағыл.). Total Film (6 September 2012). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- STEIN, Ruthe Jim Sheridan directs 'Brothers' (ағыл.). San Francisco Chronicle (29 November 2009).
- STEIN, Ruthe Australians yet to thank Tobey Maguire for their vegetarian butcher (ағыл.). MSNBC.com (30 January 2013). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Tobey Maguire rejects Mercedes with leather seats (ағыл.). Mother Nature Network (12 October 2011).
- Tobey Maguire Interview (ағыл.). cinemas-online.co.uk. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Tobey Maguire Welcomes First Child (ағыл.). The Celebrity Café (13 November 2006). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- MASTERS, Kim Oh, what a tangled web he wove (ағыл.). Los Angeles Times (11 May 2003).
- Fleeman, Mike; Julie Jordan Tobey Maguire reveals baby son's name (ағыл.). People (3 July 2009). Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
- Loinaz, Alexis L. Tobey Maguire and Wife Jennifer Meyer Split After 9 Years of Marriage (ағыл.). People (18 October 2016). Тексерілді, 13 қараша 2023.
- Sheppard, Elena Jennifer Meyer files for divorce after 4-year split from Tobey Maguire (ағыл.). Yahoo (1 November 2020). Тексерілді, 13 қараша 2023.