Тобыл (орыс. Тобыл) — қала, Қостанай облысы Қостанай ауданы және Тобыл қалалық әкімдігі орталығы.
Қала | |
Тобыл | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Әкімі | Фрунзик Аракелян |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 53°12′01″ с. е. 63°41′26″ ш. б. / 53.20028° с. е. 63.69056° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°12′01″ с. е. 63°41′26″ ш. б. / 53.20028° с. е. 63.69056° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1863 |
Бұрынғы атаулары | Затоболовка (1961 дейін) , Самодуровка, Затобол (2018 дейін), |
Қала статусы | 2020 |
Биiктiгі | 190 м |
Климаты | қатаң-континенталды |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 28 453 адам (2023) |
Этнохороним | тобылдық |
Ресми тілі | |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7 71455 |
Пошта индекстері | 111100 |
Автомобиль коды | P, 10 |
Тобыл шекарасы | |
Ортаққордағы санаты: Тобыл |
Географиялық орны
Облыс орталығы Қостанай қаласынан шығысқа қарай 5 км жерде, Тобыл өзенінің оң жағалауындағы орманды дала белдемінде орналасқан. Іргесі 1863 жылы қаланған.
Кәсіпорындары
Тобылда арнайы машина жасау зауыты, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын, машина-трактор жөндеу шеберханасы, Тобыл орман шаруашылық кәсіпорны, сыра зауыты, наубайхана, т.б. кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер бар. Тобыл арқылы Қостанай–Меңдіқара–Петропавловск автомобиль жолы өтеді.
Халқы
1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 20117 адамды (9637 ер адам және 10480 әйел адам) құраса, 2009 жылы 22908 адам (10826 ер адам және 12082 әйел адам) болды.
Инфрақұрылымы
Денсаулық
- Орталық аудандық ауруханасы
Білім
- Нұржан Наушабаев атындағы мектеп
- Островский атындағы нөмірі бірінші мектеп
- Тобыл №2 орта мектеп
- Тобыл мектеп-гимназия
- Тобыл ауылшаруашылық колледжі
- Тобыл музыкалық мектеп
Спорт және мәдениет
- БЖСМ (балалар-жастар спорт мектебі)
- "Алтын дән" мәдениет үйі
- "Тоболдық" стадионы
Ғибадатханалар
- Маңдай батыр мешіті
- Православиелік храм
Көлік
Қала жанынан халықаралық және қалааралық автожолдары өтеді (AH7 Азиялық маршруты (Екатеринбург–Карачи). Облыс орталығы - Қостанай қаласымен "Қостанай–Тобыл" автожолы арқылы байланысады. Қала ішінде қоғамдық көліктер - 106, 102, 116 автобус маршруттары жүреді.
Туғандар
- Климова, Александра Ивановна (1921–2005) — театр және кино әртісі, Кеңес Одағының халық әртісі.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер