Аудару (Трансляция; tranlation) — 1) белгілі бір ереже бойынша бір тілден екінші тілге мағынасын көп өзгертпей аудару; 2) программалау тілдерінің бірінде берілген программаны оған эквивалент басқа тілдегі программаға түрлендіру.
Түрлері
- Бөлшектеп аудару (Раздельная трансляция; separate compilation) — программа 1 бөліктерін жеке-жеке аударып, соңында біртұтас модульге біріктіру.
- Динамикалық аудару (Динамическая трансляция; dynamic translation) — адресті жадқа қатынас құру процесінде нақты адреске айналдыру.
- Келісімді аудару (Согласованная трансляция; consistent compilation) — бір жалпы сипаттамалы бірнеше программалық модульдерді аудару. Мұнда барлық жеке аудару сипаттамалары бірдей болады.
Мәліметтерді аудару
Мәліметтерді аудару (Трансляция данных; data tranlation) — бір мәліметтер базасын басқару жүйелері арқылы үйымдастырылған алғашқы мәліметтер базасын басқа жүйенің (мүмкін, басқа компьютерге) айналдыру.
Түрлері
- Адресті аудару (Трансляция адреса; address translation) - виртуаль жадты жүйелерде — логикалық (математикалық, виртуалъдық) адрестерді негізгі жадтың нақтылы адрестеріне айналдыратын процедура.
- Арна программаларын аудару (Трансляция программы канала; channel program) - виртуаль жадты жүйелерде - виртуаль адрестерді негізгі жадтың нақты программасына орналастыру процедурасы.
Әдісі
Аудару әдісі (Метод трансляции; translation method) — алғашқы программаны объектілік модульге түрлендіру ережелері мен тәсілдерінің аударғышта пайдаланылатын жүйесі. Аударудың тура және синтаксистік әдістері бар.
Түрлері
- Аударудың синтаксистік әдісі (Синтаксический метод трансляций; syntactic translation method) — нақты кірістік тілге икемделген, синтаксистік және семантикалық талдау кезеңдерінің бөлінуі айқын көрсетілген аудару әдісі.
- Аударудың тіке әдісі (Прямой метод трансляции; direct translation method) — нақты кірістік тіл мен жеке алгоритмге бейімделген, синтаксистік және семантикалық талдау кезеңдеріне айқын бөлінбейтін аудару әдісі.
Реті
Аудару реті (Порядок трансляции; compilation order) — модулінің аударылуы тиіс реті.
Уақыты
Аудару уақыты (Время трансляции; translating time) — жұмысына жұмсалған уақыт; транслятордың бастапқы бағдарламаны объектілік модульге түрлендіруге жұмсаған уақыты.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер