Тромбоксандар — өкілі, жеке жасушаларда G2 жəне Н2 простагландиндерден түзелетін туындысы. Тромбоциттерде түзіледі де, қанның ұюына себеп болады, тромбоциттер бірігеді жəне тарылады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOW1MMlkxTDFSb2NtOXRZbTk0WVc1bFgwRXlMbkJ1Wnk4eU1qQndlQzFVYUhKdmJXSnZlR0Z1WlY5Qk1pNXdibWM9LnBuZw==.png)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHdMekJpTDFSb2NtOXRZbTk0WVc1bFgwSXlMbk4yWnk4eU1qQndlQzFVYUhKdmJXSnZlR0Z1WlY5Q01pNXpkbWN1Y0c1bi5wbmc=.png)
Қан жүйесінің өзінде, эндотелиялық жасушаларда, А2 тромбоксан жəне І2 простациклин түзіледі. Олар ағзада біріне-бірі қарсы əсер көрсетеді. ТСА2 тромбоциттердің бір-біріне жабысуына, бірігуіне себепші болады, зақымданған қан тамырын жауып, қан ағуын тоқтатады. Ал ПЦІ2 керісінше, тромбоциттердің қан тамырының қабырғасына жабысуынан жəне түзілуінен сақтайды.
Маңызы
Қалыпты жағдайда тромбоксан мен простациклиннің əсері бір-бірімен теңдескен, баланс түрінде болады. Олар керісінше əсер ету арқылы, қан сұйықтылығын қамтамасыз етеді, тамырдың тонусын, артериялық қысымның тұрақтылығын сақтайды, жүрекке, миға, бауырға, бүйрекке, өкпеге үздіксіз қан келуіне себепші болады.
ТСА2 тромбоциттердің бірігуінен басқа, қан тамырын кеңейтеді, лимфоциттер көбеюіне қатысады, бронх түйілуіне себепші болады. ТСВ2 қан тамырын тарылтады.
Дереккөздер
- Биохимия. Медицина университеті баспасы. Алматы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер