Тропиктер (гр. tropikos (kyklos) - бұрылыс шеңбері) – Жер шарының экваторынан солтүстікке және оңтүстікке қарай 23`27` қашықтықта орналасқан жер бетіндегі екі жорымал параллель шеңбер. Экватордың Солтүстігіндегі Тропиктер солтүстік немесе , ал оңтүстігіндегі Тропиктер Оңтүстік немесе деп аталады. Жазғы күн тоқырауы кезінде (21 – 22 маусымда) Күн көзі өзінің көрінерлік жолының ең шеткі солтүстік нүктесінен өтеді, сол күні түс мезгілінде солтүстік тропиктің бойындағы жерлерде Күн көзі дәл төбеге шығады. Бұл кезде Жер шарының солтүстік жартысындағы ең ұзақ күн, ал Оңтүстік жартысында ең ұзақ түн болады. Қысқы күн тоқырауы кезінде (21 – 22 желтоқсанда) Оңтүстік тропиктің бойындағы жерлерде түс мезгілінде Күн көзі тас төбеде тұрады. Бұл кезде Жер шарының солтүстік жартысында ең қысқа күн, Оңтүстік жартысында ең ұзақ күн болады. Тропиктер аралығындағы елдерде Күн көзі жылына 2 рет дәл төбеге көтеріледі.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер