Труба (итал. tromba – труба) – жоғары регистрлі үрлемелі музыкалық аспап. Жезден жасалады. Жалпы тұрқы (мундштуксыз) 465 – 470 мм. Трубаны ертеде дабылшы ретінде аңшылықта, жаугершілікте, салтанатты жиын-тойларда пайдаланған. Трубаның түрлері: , альт, бас. Труба үрлемелі аспаптар оркестрінде, симфониялық оркестрде қолданылады, сондай-ақ жеке де () ойналады. Тұтас ағаштан, қола я болмаса күмістен қысқа әрі түзу етіп жасалған Трубалар кезінде Ежелгі Мысырда, Ассирияда кең таралған. Осы тақылеттес музыкалық аспап ежелгі гректер мен римдіктер арасында да белгілі болды. Орта ғасырларда кезбе музыкашылар Трубада ойнап өнер көрсетіп отырған, әсіресе, олар Қайта өркендеу дәуірінде сарайларда өз өнерімен кеңінен танылды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemxrTDFSeWRXMXdaWFJmTVM1cWNHY3ZNakl3Y0hndFZISjFiWEJsZEY4eExtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 8 том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер