Тувалу ( -{Tuvalu}-, ағылш. Tuvalu; 1975 жылға дейін — Эллис аралдары) — Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі, Полинезия аралдарында орналасқан мемлекет. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 600 км-ге созылған 9 ойпаттық маржан аралдарынан (1975 жылға дейін ) тұрады. Аумағы 28 км². Халқы 11 мың (2001). Халқының негізгі этникалық құрамын тувалу тайпасының өкілдері құрайды. Ресми діні – христиандық (протестанттық басым). Әкімшілік жағынан 8 аралдық кеңеске бөлінеді. Мемлекеттік тілі – ағылшын және . Астанасы – (3,8 мың адам). Мемлекеттік басқару формасы – конституциялық монархия. Ақша бірлігі – және аустралия доллары. Заң шығарушы органы – бір палаталы парламенті. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қазан (1978).
Тувалу ағылш. Tuvalu | |||||
| |||||
Ұран: «Tuvalu mo te Atua» «Тувалу Құдіреттіні қолдайды» | |||||
Әнұран: | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 1 қазан 1978 жыл (Британ империясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | және ағылшын | ||||
Елорда | |||||
Ірі қаласы | Фунафути | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы партиясыз парламенттік конституциялық монархия | ||||
Патшасы | III Чарльз | ||||
Мемлекеттік діні | христиандық ( қ.) | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы | Әлем бойынша 192 орын 26 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2017) • Тығыздығы | 11 192 адам (196) 475,88 адам/км² (27) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2016) • Жан басына шаққанда | 39 млн. $ (226) 3,566 $ (156) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2016) • Жан басына шаққанда | 32 млн. $ (194) 2,970 $ (118) | ||||
Валютасы | (TVD) аустралия доллары (AUD) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | |||||
ISO коды | TV | ||||
ХОК коды | TUV | ||||
Телефон коды | +688 | ||||
Уақыт белдеулері | +12 |
Климаты субэкваторлық, ыстық әрі ылғалды. Орташа айлық температурасы 27С. Дауыл жиі болып тұрады. Тұщы судың қайнар көзі жоқ. Бұта өсімдіктері, мангр тоғайлары, кокос пальмасы ормандары өседі.
Тарихы
Біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр шамасында аралға полинезиялықтар қоныстана бастаған. 16 ғасырда аралды басып алды. Мұнда еуропалықтардан бұрын 1568 жылы испандықтар келді (А.Менданья). 1892 жылдан бастап Эллис аралдары аралдарымен бірге Ұлыбританияның протектаратына, 1916 жылдан отарына айналды. 1974 жылы референдум нәтижесінде Эллис аралдары тұрғындарының көпшілігі Гилберт аралдарынан бөлінуді жақтап дауыс берді. 1975 жылдан Эллис аралдары Тувалу аталып, Ұлыбританияның жеке отарына айналды. 1978 жылдан Ұлыбритания Достастығы құрамына кіретін тәуелсіз мемлекет.
Экономикасының негізі – копра өндіру мен балық аулау. Мемлекеттік кірістің қайнар көзінің бірі – пошта маркаларын шығарып сату. Экономикасы ағылшын капиталына тәуелді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 800 АҚШ доллары шамасында. Ел аумағының 74%-ы ауыл шаруашылығы үшін қолайлы. Кокос пальмасы (жылына 2 т-дай жаңғақ жиналады), жеміс-жидек пен көкөніс, шошқа мен ешкі өсіріледі. Арал халқы тігін бұйымдарын, аяқ киім, копра шығарады, балықты қайта өңдеумен айналысады. Тувалу жылы жоқ, автомобиль жолының ұзындығы 8 км. Негізгі теңіз порттары: , , . Экспортқа копра, жеміс-жидек, тоңазытылған балық, киім-кешек, қолөнер бұйымдары шығарылады. Сырттан азық-түлік өнімдері, сусындар, темекі, тұтыну тауарлары, ауыр машина жасау өнімдері мен көліктік құрал-жабдықтар, минералдық отын әкелінеді. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері: , Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания.
Дереккөздер
- Tuvalu. International Monetary Fund.
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер