Тітіркену, тітіркендіру – тірі тіндерге (ұлпаларға) әр түрлі тітіргендіргіштермен әсер ету. Тітіркену негізінде (тітіркенгіштік) қасиет жатады. Соның нәтижесінде клеткалар мен ұлпалардың өсу және көбею, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайларына баяу морфологиялық бейімделу процесі жүреді. Тітіркенудің сипаты мен тірі тіндердің (ұлпалардың) арасында тығыз байланыс болады. Осыған байланысты тітіркенудің үш заңдылығы бейнеленеді.
- – тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым белгілі бір шекке дейін тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Тітіркендіргіштің қозу процесін тудыратын ең аз күшін тітіркену табалдырығы деп атайды. Бұл күш тіннің (ұлпаның) қозғыштығына байланысты. Ол қозғыштық неғұрлым жоғары болса, оны қоздыру үшін тітіркендіргіштің аз ғана күші жеткілікті.
- – тітіркендіргіш мерзімінің әсері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Қозу процесі пайда болу үшін тітіргендіргіш әсері белгілі бір мерзімге созылуы керек. Тітіркену табалдырығының әсерімен қозу процесінің пайда болуы үшін қажет уақыттың ең аз шамасын тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші мен оның әсер мерзімі арасында белгілі бір тәуелділік болады.
- – тітіркендіру градиенті неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тірі тін (ұлпа) реакциясы күшті болады. Бұл үшін тітіркендіргіш күшінің өсу шапшаңдығы – градиенттің маңызы зор. Тітіркендіру градиенті баяуласа, қозғыштық табалдырығы жоғарылайды. Тітіркендіргіш күші баяу өссе, қозу процесі туындамай да қалады.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер