Түзу сызық – геометрияның негізгі ұғымдарының бірі. Геометрияның жүйелі түсіндірмелерінде түзу сызық тек қана геометрияның аксиомаларымен жанама түрде анықталған бастапқы ұғымдардың бірі деп есептеледі. Егер геометрияны құрудың негізі болып кеңістіктегі нүктелердің ара қашықтығы алынса, онда түзу сызықты екі нүктенің арасындағы ең қысқа сызық ретінде анықтауға болады. Түзу сызық – декарттық координаттар жүйесіндегі 1-ретті алгебралық сызық. Ол жазықтықта 1-дәрежелі теңдеу (сызықтық теңдеу) арқылы беріледі. Түзу сызықтың жалпы теңдеуі Ах+Ву+С=0 түрінде жазылады, мұндағы А, В, С – кез келген тұрақты сан, А мен В бір мезгілде 0-ге тең болмайды. Егер коэффициенттердің біреуі 0-ге тең болса, онда теңдеу толық емес деп аталады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemMyTDFOMGNtRnBaMmgwWDJ4cGJtVnpMbk4yWnk4ek1EQndlQzFUZEhKaGFXZG9kRjlzYVc1bGN5NXpkbWN1Y0c1bi5wbmc=.png)
Жарты түзу
Жарты түзу — түзудің бойындағы бір нүктенің бір жағында жататын түзу . Жарты түзудің нүктесінің координаттары теңсіздіктердің тек біреуін ғана қанағаттандырады: мұндағы — кез келген тұрақты шама. Егер нүктенің өзі (жарты түзудің шекарасы) жарты түзуге тиесілі болса (яғни қамтылған болса), онда тұйық жарты түзу — сәуле жайында әңгіме болады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
- "Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер