Түйетікен (лат. Carduus) – астралылар тұқымдасына жататын екі (сирек бір) жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық өңіріндегі шөбі тапталған шаңдақтарда, жайылымдарда, өзен бойларында, таудың тасты, тастақты беткейлерінде, жыраларда, егістік шетінде өсетін 8 түрі бар. Соның ішінде (С. crіspus) және (С. pycnocephalus) жиі кездеседі. Биіктігі 20 – 120 см. Сабағы қанатқа ұқсаған, тікенекті. Жапырақтары қауырсын тәрізді, жиегі тілімденген. Гүлі қосжынысты, ірі, күлгін қызғылт түсті, себет гүлшоғырына топталған. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі дәнек, құрамында сұйық май болады. Түйетікеннің көпшілік түрі арамшөп, мал жемейді, бірақ барлығы дерлік шірнелі өсімдіктер. Кейбір түрін әсемдік үшін өсіреді.
Түйетікен | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
90+ түрі белгілі |
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер