Түрксіб ауданы (1995 жылға дейін — Октябрь ауданы) — Алматы қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. Қазақ АКСР ОАК Президиумы шешімімен 1936 жылы 12 қыркүйекте Алматыда аудан шекарасы бекітіледі. 1938 жылы 8 сәуірде Қазақстан ОК КП (б) бюросының отырысында "жаңа Каганович ауданының құрылуы туралы" шешім қабылданады.1938 жылы 19 сәуірде қала кеңесінің президиумында ауданның шекаралары белгіленіп, орталығы Алматы І стансасында орналасқан Каганович ауданы ұйымдастырылады. 1957 жылдың шілдесінде Каганович ауданы Октябрь ауданы болып қайта аталады. 1995 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесін тойлаумен әрі алдағы Түркістан-Сібір темір жолының салынуының 70 жылдығымен байланысты Түрксіб ауданы болып атауы өзгереді. Аудан қаланың өнеркәсіп орталығы, әуе және теміржол қақпасы болып табылады.
Қала ішіндегі аудан | |||
Алмалы ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Қаласы | |||
Әкімі | Бақытжан Қожанбердіұлы Ақжаров | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Алматы қаласы, Шолохов көшесі, №9 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы | 75,75 км² | ||
Уақыт белдеуі |
| ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 252 037 адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (47,62%), орыстар (35,61%), ұйғырлар (8,03%), корейлер (1,49%), татарлар (1,27%), әзербайжандар (1,19%), басқалары (4,79%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 727 | ||
Автомобиль коды | 02 | ||
Халқы
Ауданның ұлттық құрамы (2019 жылдың басына қарай) төмендегідей:
- қазақтар — 107 422 ад. (45,64 %)
- орыстар — 89 160 ад. (37,88 %)
- ұйғырлар — 18 392 ад. (7,81 %)
- корейлер — 3 583 ад. (1,52 %)
- татарлар — 3 018 ад. (1,28 %)
- әзербайжандар — 2 454 ад. (1,04 %)
- украиндар — 1 435 ад. (0,61 %)
- немістер — 1 320 ад. (0,56 %)
- түріктер — 1 289 ад. (0,55 %)
- өзбектер — 1 223 ад. (0,52 %)
- басқалары — 6 061 ад. (2,58 %)
- Барлығы — 235 357 ад. (100,00 %)
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер