Тәтімбет Бұлғақұлы (шамамен 1700, қазіргі Қызылорда облысы – 1764, сонда) – белгілі батыр, би, елші.
Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.
Әбілқайыр хан 1732 жылы желтоқсанда Ресей патшайымына екінші елшілігін аттандырды. Елшілік құрамына Нияз, Ерәлі сұлтандар, Ұлы жүзден Аралбай батыр, Оразкелді батырлар, Кіші жүзден Тәтімбет батыр, төлеңгіт және үш башқұрт биі кірген. Аталған елшілік Санкт-Петербургке 1734 жылы қаңтар айында барып, ақпан айында патшайым Санкт-Петербургының қабылдауында болды. Онда Ресейге адалдығын білдіріп, башқұрт билерімен бірге Тәтімбет те ант берді. Тәтімбетке Сыр сүлейлері жыр арнаған. Одан тараған Ерназар, Күнтуар, Мұрат, Тұяқ, Темір, Пышан, Ағытай, Төребай]билер жайында ел аузындағы әңгімелер мен жазба деректер көп. Ұрпақтары , Ырғыз, өңірлерінде тұрады.
Шежіре: Тәттімбет-Былғақ-Құттығай-Қожас-Қаратамыр-Бозғыл-Шомекей
Сілтемелер
- Кете Шомекей шежіресі / Дайрабаев Т. – Алматы, Ана тілі, 1995. - 167 бет.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , VIII том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер