Тәңкі (би) шешен Қаржауұлы 1763-65 жылдар шамасында туып,1830 жылы Кіші (Арал) Қарақұмда қайтыс болыпты.Тәңкінің батырлығынан шешендігі басым болса керек. Кіші жүздің Шөмекей руы Бозғыл (Бозғұл) бұтағынан шыққан.
Шежіре: Тәңкі би -Қаржау-Қалымбет-Метей- Әлдеберлі-Келмембет (Сарқасқа)-Келдібай-Бозғұл-Шомекей
Ел әңгімелеріне бүгінге дейін Тәңкі шешен аталады.Арғы бабалары Сарғасқаның Метейі.Көрнекті ақындардың бірі Молдахмет Дабылов өзінің шежіре дастаныңда:
...Метейден Тәңкі шешен сайрап туды,
Билікті талай дауда алған жығып,-депті.
Тәңкі өзі турасында:
«…Ей,Алла тіл,жағыма бердің ерік,
Несіне қимағанның маған көрік»,
-деп өзінің бет-бейнес-бейнесінен хабардар етсе,екінші бір шумақта:
«Тары да бітеді бұл жерге.
Арпа да бітеді бүл жерге.
Бірақ Тәңкі би бітпейді бұл жерге»,
деп өзінің ерекше адам екенін тағы да білдіріп өтеді.
Дереккөздер
- Билер сөзі-киелі. Құраст.:Т.Дайрабай, М.Ахметов:Алматы, 2012. - 208б.
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Кете Шомекей шежіресі / Дайрабаев Т. – Алматы, Ана тілі, 1995. - 167 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер