УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2008 — УЕФА Чемпиондар Лигасының 2007/08 жылғы маусымының шешуші матчы. 2008 жылы 21 мамырда Мәскеудегі "Лужники" стадионында өтті. Тарихта тұңғыш рет Англияның қос клубы — "Манчестер Юнайтед" пен "Челси" өзара кубокты сарапқа салды. Негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясында манчестерліктердің бағы жанды — 6:5. Бұл "Манчестер Юнайтедтің" үшінші, бапкері Алекс Фергюсонның екінші жеңісі.
УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2008 | |||||||
Турнир |
| ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
"Манчестер Юнайтед" пенальтилер сериясында 6:5 есебімен жеңіске жетті. | |||||||
Дата | 21 мамыр 2008 | ||||||
Стадион | |||||||
Матч
Шолу
Матч Криштиану Роналду мен Фрэнк Лэмпардтың соққан голдарымен, "Челси" шабуылшысы Дидье Дрогбаның экстра таймдарда алаңнан қуылуымен, және төкпелеп жауған күшті нөсермен есте қалды. Матчтан аз ғана уақыт бұрын Фрэнк Лэмпардтың анасы қайтыс болып, финалдағы голын анасының рухына бағыштады.
"Челси" футболшысы Джон Терри ең шешуші сәтті пенальтиді соға алмады. Оның соққысы қақпаға енгенде, ойынға нүкте қойылар еді. Алайда, тебер сәтте аяғы тайып кетіп, доп бағанадан қайтты. Соңғы болып тепкен Николя Анельканың соққысын манчестерлік клубтың қақпашысы Эдвин ван дер Сар қайтарып, командасына жеңіс әперді.
Финал Мәскеу уақытымен 22:45 минутта басталды. Бұл бір тәулікте басталып, екінші тәулікте аяқталған жалғыз финалдық матч.
Детальдар
21 мамыр 2008 22:45 (Мәскеу уақыты) |
| Лужники, Мәскеу Көрермендер саны: 67,310 Төреші: Л. Михел (Словакия) | ||||||
|
|
|
|
Дереккөздер
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер