Увертюра (франц. ouverture, лат. apertura - ашу, бастау) - опера, балет, оратория, драма, спектакль, кино- фильм, т.б. шығармаларға арнайы кіріспе ретінде жазылған оркестрлік пьеса; сондай-ақ, сонаталық формадағы жеке концерттік-оркестрлік шығарма.Увертюраның негізгі мақсаты - спектакльдегі оқиғаны, оның эмоциялық сазын, идеялық мазмұнын, сюжеттік бағытын, драм. шиеле- ністерін, негізгі образдарын тыңдаушыларға тиянақталған түрде жеткізу. Ол көбіне музыкалық шығарманың неғізгі лейтмотивінен құрылады. Увертюраның шығу тегі опера жанрымен байланысты болды. 17 ғ-да Увертюраның тұрақты түрлері қалыптаса бастады. Орыс музыкасында халық тақырыбына жазылған Увертюралар елеулі орын алды. Оның классик. түрлері М.И. Глинка, М.А. Балакирев, Н.А. Римский-Корсаков шығармаларында кездеседі. Қазақ музыкасында Увертюра спектакльдерге жазылған шағын оркестрлік кіріспелер ретінде пайда бола бастады. Қазақ операларындағы Увертюра озіндік ұлттық колоритімен ерекшеленеді. Опералық Увертюра саласында А.Жұбанов, Л.Хамиди, М.Төлебаев, , Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов елеулі үлес қосты. Сондай-ақ, Увертюра симфониялық музыкасының ерекше бір жанры ретінде яғни жеке концерттік - оркестрлік түрінде де дамып, қазақ композиторларының шығармаларынан кеңінен орын алды. Мысалы, Жұбановтын Т.Тоқтаровқа]] арнаған "Увертюра фантазиясы" (1944), Төлебаевтың "Қазақ увертюрасы" (1945), Ғ.Жұбанованың "Қаһар- ман увертюрасы" (1967), Рахмадиевтің "Мереке увертюрасы" (1981), т.б.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер