Фагот (итал. , дәлме-дәл — буын, түйін) — үрлемелі музыкалық аспап. Сыртқы пошымы қосақтастырылып байланыстырылған бір буда отын ағаш тәрізді. Ол ағаштан, кейде пластмассадан да жасалады. Ұзын 1350 мм-ге жуық; дыбыс шығаратын клапандары мен үрлейтін тілшесі бар, дыбысы жұмсақ, кейде виолончельдің үніне ұқсайды. Фаготтың алғашқы түрі 16 ғасырда Италияда каноншы ойлап тапты. 16 ғасырда Фаготтың үш түрі (тенорлық, альттық пен дисканттық) қолданылды. 17 ғасырдың ортасында Францияда өмірге келген 3 ойықты Фагот 1800 жылға қарай жетілдіріліп, 6 ойықты болып жасалды. Фагот аспабын жетілдіруде, әсіресе, неміс өнертапқыштары көп еңбектенді; соның нәтижесінде жасаған Фагот қазіргі кезге дейін дүние жүзі елдері орындаушылары тарапынан жоғары бағаланады. 17 ғасырдың аяғынан бастап Фагот тұрақты түрде симфониялық оркестрде (2, кейде 3 — 4 Фаготқа дейін) кеңінен пайдаланылды. Дыбыс көлемі контроктаваның си екінші октаваның фа нотасына дейін. Фаготтың кеңінен қолданылатын түрі — . Фагот камералық, эстрадалық, симфониялық оркестрде, үрлемелі аспаптар оркестрі (мысалы, ) мен әр түрлі ансамбльдерде қолданылады, сондай-ақ жеке (соло) де ойналады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWpMMk0wTDBKaGMzTnZiMjVmTVRnM01DNXFjR2N2TXpVd2NIZ3RRbUZ6YzI5dmJsOHhPRGN3TG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Фаготтың концерт | |
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер