Фазометр — екі электрлік тербелістің фазалар айырымын немесе электр тізбегіндегі ток күшінің жоғары мәндеріндегі қуат коэффициентін өлшеуге арналған аспап. Ол энергетикада, электртехникада, радиотехникада, т.б. қолданылады. Фазометрдің негізгі өлшеуіш механизмі — логометр. Фазометрдің ., ., , магнит электрлік және электрондық түрлері бар. Электр өлшеуіш тетігі бар Фазометрдің көрсетулері электрлік тербелістердің жиілігіне байланысты. Сондықтан жиіліктердің кең ауқымындағы зерттеулер үшін электрондық немесе цифрлық Фазометрлер қолданылады. Жоғары жиіліктегі өлшеулер үшін өлшеулердің теңгермелеу әдісі негізінде жұмыс істейтін Фазометрлер қолданылады. Мұндай Фазометрлердің негізгі жұмыстық тетігі кірісіне екі электрлік тербелістердің бірі берілетін өлшеуіш — фаза айналдырғыш. Фаза айналдырғыштың шығыстық сигналының фаза ауысуын кірістік сигналға қатысты жайлап реттей отырып, шығыстық сигнал фазасы екінші ретті электрлік сигнал фазасымен дәл келген немесе 180-қа ығысқан мезетте Фазометр шкаласы бойынша фазалық бұрышты санайды. Оны фазалардың нөлдік айырымының индикаторы бойынша бағалайды.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер