Фактор, экологияда — 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі. Факторлардың ішіндегі маңыздылары: — ағзаларға әсер ететін ; адам Факторы — адамның “адам — қоршаған орта” жүйесіндегі әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін не шектейтін , ерекшеліктерінің жиынтығы; а) адамның әлеуметтік, , , , т.б. қатынастар жүйесіндегі әрекетінің ерекше белгіленуі; ә) қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қызметтің субъектісі ретіндегі адамға қатысты жағдайлардың бәрі жатады; ақпараттық Фактор— әдетте тіршілікте аса маңызды мәліметтің коды (“жазылу” жүйесі) ретінде көрінетін, сондықтан тіршілік иесіне шамадан тыс әсер етпейтін Фактор, мысалы, генетикалық Фактор; антропиялық Фактор — адамның бір нәрсеге тікелей әсері барысында пайда болатын Фактор; — атмосфераның физикалық күйімен және химикалық құрамымен байланысты Факторлар; әлеуметтік Фактор — адамдарда қоғамдық қатынастардан немесе табиғаттағы жәндіктерде (құмырсқа, ара, термит, т.б.) әлеум. құрылымнан болатын Фактор; биогендік Фактор — тірі ағзалардың қоршаған ортаға қазіргі және бұрынғы замандардағы тікелей не аралық ықпалына байланысты Факторлар жиынтығы; биологиялық Фактор — тіршілік барысында пайда болатын, атап айтқанда оның қалыптасуының негізгі көзі тірі ағза не олардың қандай да болсын жиынтығы болып табылатын Фактор (мысалы, жыртқыш пен оның жемтігінің арасындағы байланыс — қорек азаю Факторы); — негізгі көзі және ортасы биосфера болып саналады; — 1) шығу негізі тірі ағзаның ортаға аралық әсері болып табылатын Фактор, мысалы, химиялық бөлінділер (фитонцидтер, т.б.), ағзалардың жойылуы (көмір, теңіз карбонаттарының түзілуі) немесе олардың бұрынғы өтіп кеткен кезеңдегі іс-әрекеттері (мысалы, топырақ түзілуі); 2) бір ағзаның тіршілік әрекетінің басқа ағзаның тіршілік әрекетіне әсер-ықпалының жиынтығы. Бұлар түрішілік (демографикалық, этологиялық, топтық, т.б.) және түраралық (селбесу, жыртқыштық, т.б.) болып бөлінеді; (қара Бәсекелестік, Комменсализм, Мутуализм, Паразитизм); биоценоздық (ценоздық) Фактор — негізі жеке ағза, популяция, түр не олардың кездейсоқ жиынтығы емес, биоценозды құрайтын ағзалардың жиынтық әрекеті болып табылатын Фактор; мутагендік Фактор — тікелей немесе жанама түрде гендік мутациялар тудыратын Фактор, мысалы, радиацияның жоғары болуы, қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы; табиғи Фактор — адамның қатысуынан тысқары (антропогендік емес) немесе оның биологиялық мәнімен байланысты (бұған техногендік әсер де қосылады) әрекет ететін Фактор; табиғи-антропогендік Фактор — табиғи Фактордың адам әрекетінен өзгергендігі соншалық, ол өзінің түп нұсқасынан сан жағынан да, сапа жағынан да өзгеше болып келеді; түрлік Фактор — биологиялық түр шеңберінде пайда болып, әрекет ететін Фактор Жалпы түрлік, популяц., топтық және индивидтік Факторларды қамтиды; — адамның өз ағзасына тигізетін жекеше ықпалы, мысалы, стресс; — қоршаған ортаның химиялық құрамынан (соның ішінде химиялық ластанудан) болатын Фактор; — 1) қайсыбір процестің, құбылыстың не ағзаның (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуі үшін шектеу қоятын Фактор, мысалы, түрлер арасындағы бәсекелестік; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өнімділігіне басқалардан гөрі ықпалдырақ әсер ететін экологиялық Фактор, мысалы, далалық аймақта өсімдіктер үшін — су, орманды жерлерде — топырақтағы қоректік заттардың молдығы, тундрада — жылу мөлшері шектеуші Фактор болып саналады; — қазіргі кездегі әсер сипаты ағзалардың бұрынғы геол. кезеңдердегі тіршілік әрекеті нәтижесінде анықталған Факторлар (мысалы, атмосферадағы оттек мөлшері, озоносфера, т.б.); қара , Антропогендік фактор, Экологиялық фактор.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер