Ферғана аңғары - Наманған және Әндіжан облыстары кіретін Ферғана аймағы Өзбекстан республиканың Қиыр шығысында, тауаралық кең аңғарда жатыр. Әкімшілік жағынан Ферғана аңғары Өзбек, Қырғыз және Тәжік республикаларының арасында бөлінген. Өзбекстан шегінде аңғардың түбі (Солтүстік Тәжікстанда) орналасқан, Ферғананың таулық бөлігі, негізінен, Қырғызстанда жатыр. Аңғарды барлық жағынан дерлік қоршап тұрған таулар оны жалғастырады. Оның солтүстік және солтүстік-батысы — Шатқал және Құрама қыраттарымен, шығысы — , оңтүстігі — қарлы шыңдары аспанмен тілдескен және шектеседі.
Ферғана атауы парсы тіліндегі Пері (періште) және Хана (үй) сөздерінен туындаған және перілер мекені мағынасын білдіреді.
Аңғардың томаға-тұйық жағдайы оған үлкен өзіндік ерекшелік береді. Мұнда Өзбекстандағы ең жұмсақ климат қалыптасқан, жазы салыстырмалы түрде қоңыржай, қысы жылы болады. Климаттық жағдайлары мақта мен басқа да жылу сүйетін ауыл шаруашылығы өсіру үшін өте қолайлы. Мұнда өрік, анар, алма, алмұрт, інжір, т. б. жемістер тамаша өнім береді. Ферғана аңғарының Орталық Азия інжуі деп аталуы да бекер емес. Алайда аңғарға жауын-шашын салыстырмалы түрде aз түседі, мұндағы егіншілік суландыруға негізделген. Ферғана аңғарының көптеген өзендерінің суландыру үшін маңызы зор. Оның негізгі су көздері — мен қосылуынан түзілетін Сырдария өзені. Айнала қоршаған таулардан Сырдарияға қарай оның толып жатқан салалары — , Ақсу, , , , , т. б. өзендер ағады.
Бұрынғы замандардың өзінде салынған жиі ирригациялық тармақ аңғарды берекелі өлкеге айналдырд. Кеңестік кезеңде, 1939—1940 жылдары халықтық құрылыс әдісімен салынған ирригациялық құрылыстардың ұзындығы 345 км болатын , сондай-ақ Нарыннан басталатын шығатын салынды. Одан кейінгі жылдары өзендердің ағысын реттеп отыру үшін , , , Үшқорған т.б. бөгендер салынды.
Ферғана аңғары Өзбекстан аумағының тек 4%-ын ғана алып жатыр, бірақ оның республика өміріндегі рөлі жоғары. Бұл — Өзбекстан мен Орталық Азияның халық тығыз қоныстанған ауданы. Аңғардың шығыс бөлігіндегі халықтың тығыздығы 1 км2 жерге 500 адамға дейін жетеді. Мұнда республикадағы ауыл тұрғындарының 1/3 бөлігі, қала халқының 1/5 бөлігі тұрады.
Самарқанд — Өзбекстанның мақта, жүзім, бақша мен жібек құртын өсіретін ең маңызды ауданы: ол республикада жиналатын , жемістер мен жүзімнің 1/3 бөлігіне жуығын, жібек құртының 2/5 бөлігінен астамын береді.
Қай жағына көз салсаң да Ферғана аңғарының барлық аумағынан созылып жатқан мақта егістіктерін, көктем мен жазда көк жасыл түске боялатын, бұтақтары шар тәріздес етіліп, ұқыпты қиылған көруге болады. Қалалары мен ауылдары жасыл бақтар мен жүзімдіктерге малынған, күміс түстес және пирамида тектес теректер, акациялар, күмбез тәрізді үлкен қарағаштар, асқақтаған шынарлар отырғызылған.
Сан алуан ауыл шаруашылығы шикізаты мен бағалы кен байлықтары, оның ішінде мұнай ауданның өнеркәсіптік дамуының күшеюі үшін негіз болды (бұл мәселе бойынша Ферғана аңғары Ташкент экономикалық ауданына ғана жол береді).
Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары — жеңіл және , мұнай, . Өндірістің дамуы Ферғана аңғарының урбандалу процесін жеделдетті, ескі қалалар — Қоқан, Ферғана, Марғұлан, Әндіжан, Наманғанның іріленуіне және жаңа қалалардың пайда болуына жағдай жасады.
Аңғардың оңтүстігінде орналасқан Ферғана — Ферғана облысының , аңғардың ірі өнеркәсіптік қаласы. Бұл нағыз қала-бақ. Өз бұтақтарымен иін тіресе өсіп тұрған алып ғасырлық талдар, шынар ағаштары, теректер көшелерді көркем айналдырган. Сымбатты ботаникалық бақты еске салады.
Дереккөздер
- История Ферганы.
- Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер