Флективтік тілдер (лат flexioиілу, бүгілу) орыс флективные языки — морфологиялық құрылысы бойынша топтастырылған дүниежүзілік тілдердін бір тобы. Оларға тән негізгі ерекшеліктер: ішкі флексияның болуы, дыбыстық зандылыққа сай дауысты және дауыссыздардың алмасып келуі. Бұлар арқылы бір сөздің әр түрлі формалары немесе түбірі бір әртүрлі сөздер жасалады.
- Мысалы: орыс. ломит, разламывает (о — а алмасуы); сон __ ілік септікте сна (о дыбысының жоғалуы); ар. кагаба (ол жазды) — kutiba (жазылды). Бұл сияқты өзгерістер тілдердің жалғамалы тілдерден ерекшелігін айқын көрсетеді. Флективтік тілдерге семит тілдері (араб, көнееврей, сомали т. б.) және үндіеуропалық тілдер (орыс, неміс, литва. б.) жатады. К- Типологиялык, топтастыру.
Флективтік тілдер — әлем тілдерінің типологиялық белгілеріне қарай топтасуының бір түрі. Флективті тілдерге үндіеуропа, семит-хамит тілдері жатады. Ф.Шлегель түбірдің болу, болмауына орай тілдерді флективті және аффиксациялы деп екіге бөлген. Ал А.Шлейхер тілдерді 3 топқа бөліп зерттеп, флективті тілдердің екі типін (синтетик., аналитик.) көрсетеді.
Синтетик тип іштей екіге ажыратылады: 1) Ra — түбірлердің таза ішкі флексияға жататыны семит тілдері; 2) aRа — ішкі және сыртқы флексияның болуы, үндіеуропа және ежелгі тілдер жатқызылады.
Аналитик типке роман тобындағы тілдер мен ағылшын тілі жатады. Бұл тілдердің негізгі ерекшелігі — түбір флективтілігі мен жалғамалылық, көмекші сөздердің қосылуы. Америка ғалымы Э.Сепир тілдердің типологиясы туралы негізгі граммат. түсініктерді 4 топқа бөлген: 1) негіз туралы түсінік; 2) деривациялық; 3) нақтылы-реляциялық; 4) таза реляциялық түсінік. Флективті тілдердің өзіне тән белгілері сөз мағыналарының, тұлғаларының өзгеруі ішкі және сыртқы флексиялар арқылы жүзеге асады; бір аффикс бірнеше граммат. мағынада әр түрлі қызмет атқарады; бір граммат. мағына әр түрлі тұлғалармен беріледі; аффикстер (префикс, инфикс, суффикс) сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында қолданылады.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
Дереккөздер
- Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер