Франция әдебиеті - Франция аумағында бір-бірімен тығыз байланысты болған бірнеше әдебиет жиынтығы.
Неғұрлым ертеректе қалыптасқаны - жырлары мен аңыздары сақталмаған , оның бір тармағы болды. 10 ғ-дан бастап елдің оңтүстігінде дами бастады. аймақтық шеңберден аса алмады. 18-ғасырға дейін латын тіліндегі әдебиет басым боды. Ортағасырлық ауыз әдебиеті кейініректе немесе жазып алынған күйінде сақталған жырлардан, аңыздар мен ертегілерден басталады. Француз тіліндегі алғашқы жазба әдебиеті - діни тақырыпқа арналған шығармалар 9-ғасырдың 2 жартысында жатады. 10-11 ғасырларда әскери жасақтардың арасында латындық дәстүрлермен де, ауыз әдебиетімен де таныс - жонгрлерлер шығарған алғашқы эпикалық поэмалар - пайда болды. Олар 8 - 10 ғасырлардағы тарихи орындарға арналды. 13 ғасырдағы сарай маңы серіктеріне арналған. 14 - 15 ғасырларда ақындар әдістерін дамыта отырып, бұрынғы поэтик тақырыптарды жетілдірді. 14 - 15 ғасырлардағы серілік романдар ұлттық мәселелер мен фольклорлық әуендерге толы болды. 15 ғасырдың соңында Франция Қайта өрлеу дәуіріне өтті. Италиямен қарым қатынас күшейіп, кітап басу ісі дами бастады. Қайта өрлеу әдебиетінің неғұрлым жақын өкілі - Франсуа Рабле болды. 16 ғасырдың ортасында Франция ақындары поэзияның адамгершілік мазмұнын тереңдетіп, оны жаңа формалармен байытты. Ұлттық тілдің қалыптасуына жағдай жасады. 17 ғасырдың бас кезінде француз әдебиетінде , барокқорлық бағыттар пайда болды. Классцизм комедиясының негізін салушы әрі аса көрнекті өкілі - Ж. Б. П. Мольер болды. 17 ғасырдың соңында таман француз мәдениетінде ағартушылық тенденциялар күшейді. пайда болды. 18 ғасырдың 1 жартысында комедия мен роман жанры дамыды. Комедия Мольер дәстүрін жалғастырса Лесаж шығармаларында әлеуметтік өткірлік пен тұрмыстық реализм күшейді.
= Дереккөздер
- Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, Алматы 2007, 235 бет
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер