Фреска (итал. fresco — жаңа) — үйдің қабырғасына сылағы кеппей тұрғанда бояумен салынатын кескіндеме.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2YTJzdmRHaDFiV0l2T0M4NFppOGxSREFsUVRRbFJERWxPREFsUkRBbFFqVWxSREVsT0RFbFJEQWxRa0VsUkRBbFFqQXVhbkJuTHpJd01IQjRMU1ZFTUNWQk5DVkVNU1U0TUNWRU1DVkNOU1ZFTVNVNE1TVkVNQ1ZDUVNWRU1DVkNNQzVxY0djPS5qcGc=.jpg)
Сылақ кепкенде кальций жұқа мөлдір қабаты пайда болады да, бояуды ұзақ сақтайды. Фреска негізінен түрлі қосылыстарға ұшырамайтын бояулармен салынады. Сәулет өнерінде Фреска үй қабырғаларын әсемдеу барысында қолданылатын негізгі әдіс болып табылады. Фресканы жасау жолдары уақытпен бірге өзгеріп отырған. Құрғақ сылаққа өрнектер салу (аль секко) ежелгі заманнан белгілі. Қатты сылаққа сурет салу эгей мәдениетінен (б.з.б. 2-мыңжылдық) бері қолданылады. Фреска көне дәуірде гүлденіп, кейіннен темпера пайдаланыла бастады. Бұл әдіс орта ғасырларда Византия, , Кавказ, Балкан, Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылды. Қайта өркендеу дәуірінде (16 ғ.) Италияда темперасыз фреска (буон Фреска) дамыды. 17 — 19 ғасырларда фресканы пайдалану бәсеңдегенімен, 20 ғасырдан қоғамдық ғимараттарды әсемдеуде қайтадан кең қолданыла бастады.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
- Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер