Халифа Ғакибұлы Алтай (18 желтоқсан, 1917 жыл, Шығыс Түркістан – 15 тамыз 2003 жыл) — қазақ дін және қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог. Орта жүз Абақ Керей ішінде Жәнтекей руынан шыққан, ауыл молдасынан сауат ашқан.
- 1933 – 1938 ж. Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударған.
- 1940 ж. Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барып, 1941 ж. Кашмир өлкесінде тұрақтады.
- Одан кейінгі өмірі Үндістан мен Пәкістанда өтіп, осында арабша, урдуша білім алған.
- 1951 ж. Пешавар қаласында Қытайдан көшіп келген қазақтар қоғамы құрылып, сонда жауапты хатшы болды.
- 1953 – 1954 ж. Пәкістандағы қазақтардың Түркияға көшін ұйымдастырушылардың бірі. 8 жыл діни медреселерде оқыған. Түркияда сауда кәсібімен шұғылданған. Алтай Халифа Түркияда шығармашылықпен айналысып, Шығыс Түркістаннан басталған азапты сапар туралы өмірбаяндық кітаптар жазды.
- 1991 ж. Қазақстанға біржолата көшіп келді.
- Ислам дінін уағыздап, діни кітаптар аударып, таратуға еңбек сіңірген.
- 1995 – 2000 ж. Қазақ радиосынан әр жұма сайын ислам дініне байланысты арнайы хабар жүргізді.
- Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының жанынан құрылған “Инабат” имандылық тәрбие орталығының төрағасы болды.
Халифа Алтай | |
Халифа Ғакибұлы Алтай | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Жарынды көлінің бойында, Шіңгіл (аудан), Алтай аймағы, Іле Қазақ автономиялық облысы (Шығыс Түркістан), Қытай |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Қызметі | Ғалым, жазушы, аудармашы, тарихшы, түркітанушы, антрополог дін және қоғам қайраткері |
Әкесі | Ғақып Қаракелеңұлы |
Жұбайы | Бірінші әйелі Үндістанда көз жұмған. |
Балалары | Ұлдары: Абдулсаттар, Абдулсамет, Абдуррахим, Аднан |
Халифа Алтай Ортаққорда |
Шығармалары
- 1995 ж. “Сияр нәби” атты кітабы жарық көрді.
- «Қазақ түріктерінің шежіресі»
- «Естеліктерім»
- «Ата жұрттан Анадолияға дейін»
- «Алтайдан ауған ел» атты кітаптары жарық көрген.
- 1991 ж. Алтай Халифа аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен түсінігі Фахд баспаханасында басылып, 800 мың данамен таратылды.
- «Кәләм Шарифді» аударған, көптеген діни кітаптардың авторы.
- Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Тағы қараңыз
- Алтай Халифа аударған Құран Кәрім қазақша мағынасы және түсінігі
- Қазақ Құран аудармасы
Дереккөздер
- https://egemen.kz/article/233575-khalifa-altaydynh-osieti
- Қазақ шежіресі. 2 том. Орта жүз-жан арыс, Теңізбай Үсенбаев,.
- «Қазақстан жазушылары: XX ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , IX том
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер