Халықаралық Астрономиялық Одақ (ХАО)— Ғылыми одақтардың халықаралық кеңесінің құрамына енетін халықаралық қоғамдық ұйым. 1919 ж. құрылған, оған 85 мемлекет мүше. КСРО 1935 жылдан Халықаралық Астрономиялық Одақ-тың мүшесі болды Халықаралық Астрономиялық Одақ-тың атқаратын негізгі міндеттері:
- астрон. зерттеулер мен астрономияның барлық бағыттарының (салаларының) дамуына көмектесу;
- астрономия саласында халықар. ғыл. кооперация ұйымдастыру;
- басқа халықаралық Ғылыми Ұйымдарда астрономия ғылымының мүдделерін қорғау.
Халықаралық Астрономиялық Одақтың жұмысшы органдары: ХАО-ның атқару комитеті және астрономияның жеке мәселелері бойынша құрылған комиссиялары (2004 ж. 40 комиссия). ХАО комиссиялары өзінің негізгі үйлестіру жұмыстарын конференциялар мен симпозиумдарды ұйымдастыру, т.б. арқылы жүргізеді. ХАО-ға басшылық ету жұмысын Халықаралық Астрономиялық Одақтың Бас ассамблеясы атқарады. Ол 3 жылда 1 рет Xалықаралық Одаққа мүше елдердің бірінде өткізіледі.
Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , IX том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер