Харакат (араб.: الحركة — қозғалыс) — араб жазуындағы қысқа дауыстыларды білдіретін дәйекше белгілер. Араб тілінде үш қысқа дауысты бар, ал әліпбиінде оларды белгілейтін әріптердің орнына Харакаттар пайдаланылады. Қысқа а — фатха, ал қысқа у — дамма деп аталып алдындағы дауыссыздың үстіне, ал қысқа и — кәсрә деп алдындағы дауыссыздың астына белгіленеді. Араб жазуының дамып, жетілуіне және мәтінді дұрыс оқуға қажетті әр түрлі диакритикалық белгілердің қолданылуына Құранның әсері ерекше болды. Шамамен 702 жылы Ирактың әмірі нұсқауымен алғашқы дәйекше белгілер қойыла бастаған. Бастапқы белгілер бірдей әріптерді ажыратуға қажетті ноқаттар немесе сызықшалар түрінде болды. Кейінірек Харакаттар, хамза, мадда, уасла, ташдид, сукун белгілері пайда болды. Араб тілінде түбір сөз дауыссыздарға негізделген болса, сөздің әр түрлі формалары, туынды түбірлері дауыстылардың орын ауыстыруы, созылыңқы дауыстылардың қатысуы арқылы жасалады. Яғни, бірдей түбірлер әр түрлі мағынаны білдіреді. Қазіргі араб елдерінде баспасөзде, кітаптарда жазуға харакаттар қолданылмайды.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODBMelJqTHlWRU1DVkJOU1ZFTUNWQ01DVkVNU1U0TUNWRU1DVkNNQ1ZFTUNWQ1FTVkVNQ1ZDTUNWRU1TVTRNaVZFTVNVNE1pVkVNU1U0UWw4bFJEQWxRa01sUkRNbE9Ua2xSREVsT0RJbFJERWxPVFlsUkRBbFFrUXVjRzVuTHpJeU1IQjRMU1ZFTUNWQk5TVkVNQ1ZDTUNWRU1TVTRNQ1ZFTUNWQ01DVkVNQ1ZDUVNWRU1DVkNNQ1ZFTVNVNE1pVkVNU1U0TWlWRU1TVTRRbDhsUkRBbFFrTWxSRE1sT1RrbFJERWxPRElsUkRFbE9UWWxSREFsUWtRdWNHNW4ucG5n.png)
Ташкил
Харакаттар
Араб тіліндегі харакат сөзінің мәні қазақ тілінде "қозғалыс" деген мағынаны береді, бұлар әріптерді қысқа дауысты дыбыстар.
Фатха
Кәсра
Дамма
Мадда
Әлиф ханджария
Уасл һамзасы
Сукун
![]() | |||||
Араб жазуы | |||||
---|---|---|---|---|---|
ا ب ت ث ج ح | |||||
خ د ذ ر ز س | |||||
ش ص ض ط ظ ع | |||||
غ ف ق ك ل | |||||
م ن هـ و ي | |||||
Тарихы · Транскрипция Әлиф мақсура · Харакат · Араб сандары · Нөмірлеу |
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — Ислам туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер