Хирургия ғылыми орталығы, атындағы — Қазақстандағы хирургиялық қызметті дамытудың стратегиясын айқындайтын, хирургиялық ауруларды емдеудің осы заманғы озық технологияларын қолданатын бас ғылыми медициналық мекеме.
Тарихы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің қарамағында 1945 жылы Алматы қаласында құрылған.
1963 жылға дейін Қазақстан Республикасы ғылым академиясының құрамында, 1963 — 1966 жылы КСРО Медициналық ғылым академиясының, 1992 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрінің қарамағында болды.
1980 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Хирургия ғылыми орталығына есімі берілді. 1994 жылдан осы атымен аталады.
Ішкі құрамы
Құрамында 9 бөлім , 3 лаборатория, аспирантура (1993), диссертациялық кеңес (1988) бар.
Бөлімдері
- ;
- ;
- ;
- микрохирургия;
- ;
- өңеш, және ;
- ;
- анестезиология және реаниматология;
- );
Лабораторияры
- клиникалық-биохимиялық;
- морфологиялық;
- функционалды-диагностикалық;
Негізгі ғылыми-зерттеулік бағыты
Туа немесе кейіннен пайда болған жүрек, жүрек ісігі және қан тамыр ауруларын, кеуде және құрсақ қуысы органдарының және іш пердесі сыртындағы кеңістігіндегі ақауларын, зәр шығару жүйесінің патологиясын, күйген өңештің тартылу кезінде оның қатерлі және қатерсіз ісіктерін хирургиялық жолмен емдеу; гемодиализ, , (қанды тазарту) әдістерін қолданып, тіндер мен органдарды ауыстырып қондыру.
Жалпы мәліметтер
Орталық академигі М.Ә. Әлиев Орталық Азияда ең алғаш рет қант диабетіндегі ұйқы безін ауыстыру операциясын орындады. Оның басшылығымен 70-тен астам жүректің ишемиялық ауруына қолқа-тәждік тамырластыру жасалып, бауырдың созылмалы ауруында клетканы ауыстырып қондыру әдісі тәжірибеге енгізілді. Орталық мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылған жағдайда пластикалық және рентгенді , өт қабына, соқыр ішекке, әр түрлі гинекологиялық ауруларға (жатыр түтігінің бітеліп қалуы, т.б.) лапараскопиялық операциялар жасалады, ерлер мен әйелдердің бедеулігін емдеуде микрохирургиялық техника пайдаланылады, жасанды қан айналымы кезінде жүрек қақпақшалары ауыстырылады, миокардты туннельдеу әдісі тәжірибеге енгізілген.
Орталықта жылына 20 — 25 бүйрек ауыстыру операциясы орындалады. Сондай-ақ магниттік есту және компьютерлік томография әдісімен көз қарашығы, мұрын-жұтқыншақ, өкпе, көкірек, құрсақ қуысы, зәр шығару органдары мен бүйрек, жамбас астауы, сүйек жүйелері тексеріледі.
Республикада эндокринді жүйе (қалқанша және қалқанша жанындағы без, бүйрек үсті безі, т.б) ауруларына әр түрлі күрделі операциялар тек осы орталықта ғана жасалады. Орталықта 16 ғылым докторы, 35 ғылым кандидаты жұмыс істейді. 300 өнертабыстық куәлік алынды, 84 монография, 140 әдістемелік ұсыныс, 67 ғылыми жинақ шығарылды. Орталық АҚШ, Германия, Италия, Франция, Грекия, Ресей, Израиль, Түркия және Қытай клиникаларымен әріптестік байланыс жасайды.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |