Хиуа (өзб. Xiva) — Өзбекстанның Хорезм облысындағы қаласы. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 метр биіктікте, Үргеніш темір жолы стансасынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. Халқы 51,2 мың (2004) адамға тең.
Қала | |
Хиуа | |
өзб. Xiva | |
Хиуаның дуалдары | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
| |
Хәкімі | Даврон Аллакулиев |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 41°22′42″ с. е. 60°21′50″ ш. б. / 41.37833° с. е. 60.36389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°22′42″ с. е. 60°21′50″ ш. б. / 41.37833° с. е. 60.36389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | б.з.б. VI ғасыр |
Орталығының биiктігі | 109 м |
Климаты | күрт континенталды |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 89 500 адам (2017) |
Хиуа шекарасы | |
Ортаққордағы санаты: Хиуа |
Хиуа тарихы көне Хорезм мәдениетімен тығыз байланысты. Хиуа б. з. д. 1-мыңжылдықта дамыған Топыраққала, , , , (Қырыққыз), т. б. қалалармен қатар аталады. Зерттеушілердің болжауынша, Хиуаның негізі б.з.б. 5 ғасырда қаланған. Бастапқыда әулеті мемлекеттерінің, кейіннен әулетінің қарамағында болды. Хиуаны 712 жылы арабтар жаулап алды. IX–X ғасырларда Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді.
Хиуа қаласында өз заманында (Мұхаммед әл-Хорезми), Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина тәрізді ірі энциклопедияшы ғалымдар еңбек етті. Шыңғыс хан мен Әмір Темір заманында Хиуа қиратылып, талауға түсті. Хиуаның қайта гүлденген кезеңі 16 ғасырға сәйкес келеді. Бұл кезде қаланың ірі қорған қабырғалары, салтанатты сарайлар, мешіттер, мұнаралар, кесенелер салынып, архитектуралық ансамбль құрылды. XVII-ғасырда Хиуа Хиуа хандығының астанасы болды. 1842 жылы Хиуа хандығының билеушісі хан Хиуаның бір бөлігін арнайы дуалмен қоршатып, қаланың ол бөлігін Ишан қаласы деп атады. 19 ғасырда Хиуада көптеген медреселер мен мешіттер салынды. Әйгілі медреселердің қатарына көркем безендірілген ғимараты бар медресесі жатады. 1873 жылы Хиуаны орыс әскерлері басып алып, бүкіл Хиуа хандығымен бірге Ресей империясының протекторатына айналдырды. 1920–1924 жылы Хорезм Халық Кеңес Республикасының астанасы болды. 1967 жылы қаланың ескі бөлігі — Ишан қаласы қорыққа айналдырылды. 1995 жылы Хиуа ЮНЕСКО-ның шешіміне сай әлемдік мәдениеттегі ерекше орны бар қалалардың қатарына қосылды. 1997 жылы Хиуаның 2500 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер