Хлориттер (chloros — жасыл) — марганецтің, магнийдің, алюминийдің, хромның, сулы жататын, слюдаға ұқсас минералдар тобы. Құраушыларының мөлшері әр түрлі. Хлориттерде алмасулар (Sі мен Mg-дің Al-ге, Mg-дің Mn2+, Cr, Nі, Lі, т.б.) кең тараған. Хлориттердің қабатты кристалдық торы алтылық координациядағы Mg, Fe, Al-мен біріккен SіO4 пен AlO4 тетраэдрлерінен тұрады. Хлориттер , сингонияларда кристалданады, жымдастығы жетілген, пішіні жіңішке қалақша, түріндегі бөліктерге оңай ажырайды, минералдық агрегаттары қабыршақты, сферолитті, жасырын кристалды болып келеді. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 2 — 3, тығыздығы 2,6 — 3,3 г/см3. Түсі жасыл, солғын қызыл, қара қоңыр, қара. Хлориттерге , , клинохлор, , (магнийлі хлориттер), , , (магнийлі-темірлі хлориттер), , , (темірлі хлориттер), тюрингит, шамозит, минералдары жатады. Хлориттер негізді атпа тау жыныстарында, ежелгі метаморфтық тақтатастарда, гнейстерде, гидротермалдық түзілімдерде, шөгінді тау жыныстарында ұшырасады. Темірлі, никельді хлориттер — осы металдардың кентастары болып саналады. Темірлі-магнийлі хлориттер — гидротермалдық кендердің серігі және пьезокварц, қалайы, мыс, қорғасын, мырыш кендерін іздеу белгісі.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер