Христо Стоичков (болг. Христо Стоичков; 8 ақпан 1966, , Болгария) — болгариялық футболшы, шабуылшы. Карьерасының басым бөлігін ЦСКА және "Барселона" клубтарында өткізген. 80-90 жылдары Болгария Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Христо Стоичков | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | Пловдив, Болгария | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы | 182 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | карьерасын аяқтаған | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Карьерасы
1990 жылы ЦСКА сапында ойнап жүріп, Кубок Иелерінің Кубогында "Барселонаның" қақпасына үш гол соғып, каталондықтардың бапкері Йохан Кройфтың көзіне түседі. Соның артынша Стоичков ""Барселонамен" келісім-шарт жасасты. "Барселона" сапында екі жылдан соң УЕФА Чемпиондар Кубогын жеңіп алды. Бұл ескі форматтағы турнирдің соңғы маусымы болатын.
Екі әлем чемпионатына қатысты. 1994 жылғы әлем чемпионатында алты гол соғып, ресейлік шабуылшы Олег Саленко екеуі турнирдің сұрмергені атанып, құраманың әлемдік додада бірінші рет жартылай финалға шығуына үлкен үлес қосты. Құрама 1996 жылғы Еуропа чемпионатында топтан шыға алмай қалады. Осы себепті Болгарияны 1994 жылы рекордтық биікке көтерген Димитр Пенев орнынан босатылды. Оған Стоичков наразылық білдірді де, ол үлкен киікілжіңге ұласып, бұл құрама ойындарына бір жылға дейін қатыса алмайтын боп дисквалификацияға ұшырады. Құрамаға тек 1997 жылы 8 маусымда Люксембургпен матчта ғана оралды. Осы ойында Стоиков есеп ашты, ал құрама 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Дәл осы кезде "Барселонадағы" ойыны нашарлап кеткен Стоичков "Аль Наср" клубына ауысты. Ал, Болгария құрамасы үш ойында бір ғана ұпай жинап, топтық турнирден аса алмаған 1998 жылғы әлем чемпионатынан кейін Стойчков Жапония клубтарының біріне өтті. Бірер жылдан соң АҚШ-қа кетті де, 2003 жылы карьерасын аяқтады.
2004-2007 жылдар аралығында Болгария құрамасына бапкер болды, бірақ бір де-бір ірі турнирге жолдама ала алмады.
Жетістіктері
Командалық
- Болгария чемпионы (3): 1986/87, 1988/89, 1989/90
- Болгария кубогы (4): 1984/85, 1986/87, 1987/88, 1988/89
- Испания чемпионы (4): 1990/91, 1991/92, 1992/93, 1993/94
- Испания кубогы: 1996/97
- Испания суперкубогы (4): 1991, 1992, 1994,1996
- УЕФА Чемпиондар Кубогы: 1991/92
- УЕФА Кубогы (2): 1992, 1997
- УЕФА Кубок иелері кубогы: 1996/97
- АФК Кубок иелері кубогы: 1997/98
- Джей-лига кубогы: 1999
- АҚШ кубогы: 2000
Жекелей
- Болгарияның үздік футболшысы: 1989, 1990, 1991, 1992, 1994
- "Алтын доп" иегері: 1994
- Халықаралық матчтардың үздік мергені: 1994
- ФИФА 100 тізіміне енген.
- 1954-2003 жылдар аралығындағы Болгарияның ең үздік футболшысы.
- 1994 жылғы әлем чемпионатының сұрмергені (ресейлік Олег Саленкомен бірге): 6 гол
Дереккөздер
- IFFHS — The World’s best top goal scorer 15 маусымның 2018 жылы.
Сілтемелер
- Профилі 30 тамыздың 2012 жылы.
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер