Хұсайын, әл-Хусаин ибн Әли Әбу Абдуллаһ әш-Шаһид (626 — 10.10. 680) — Әзірет Әлінің Фатимадан туған кіші ұлы. Ағасы әл-Хасан 669 ж. қайтыс болғаннан кейін әулеттің басшысы ретінде Куфадан Мединеге қайтып оралды. әулетіне қарсы әрекет етуші куфалықтар Хұсайынды халифа Йазидке қарсы көтерілісті басқаруға шақырды. Куфалықтардың шақыруын қабыл алған Хұсайын алдымен өзінің немерелес інісі Мүсілім б. Акилді көтерілісті ұйымдастыра беруге жіберіп, шағын қолмен Меккеден жорыққа шығады. Мүсілім қаза болып, бұл хабарды естіген Хұсайын алған бетінен қайтпай сапарын жалғастырды. Хұсайынның шағын қолы қаласы орнаған деген жерде аялдап жатқанда халифаның Омар б. Сад бастаған төрт мың қолы келіп жетті. Хұсайын өзінің шағын қолымен жауға қарсы шықты. Жау қолынан қаза тапқан Хұсайынның басы Дамаскідегі халифаға жеткізілді. Кербаладағы бұл қайғылы оқиға замандастарына қатты әсер етіп, Хұсайын мұсылман әлеміндегі аты аңызға айналған ұлы тұлғаға айналды. Шииттердің Кербаладағы аза тұту рәсімдері де осы оқиғамен байланыстырылады.
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, , II том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер