Циклоптар (лат. Cyclopoida) – ескекаяқты шаянтәрізділер отрядының циклоптар отряд тармағына жатады. Олар тоқтау суларда, ірі көлдерде, судың беткі және ортаңғы қабаттарында тіршілік етеді.
Циклоптар | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Сипаттамасы
Денесі пен құрсаққа айқын бөлінген. Көкірек бөлімі 5 бунаққа, құрсақ бөлімі 4 бунаққа бөлінген. Көкірек бөлімінде 4 жұп аяқтары бар. Бесінші жұбы түрөзгеріске ұшырап, жойылып кеткен. Аяқтарының көмегімен қозғалады: артқа, алға, бір бүйіріне қарай. Бұл қозғалыстар қорек аулауын жеңілдетеді. Желбезектер болмағандықтан, бүкіл денесімен тыныс алады.
Көбеюі
Циклоптар дара жынысты. Аналық циклоптың құрсағының екі жағында жұмыртқа қалталары болады. Осы қалталарда жұмыртқалар дамиды. 6 аяқты дернәсілдер дамығанша ересек циклоптың денесіне жабысып тұрады.
Таралауы
Циклоптардың ішінде жыртқыштары да, өсімдікпен қоректенетіндері де бар. Қазақстанда өсімдікпен қоректенетіндері кең таралған. Олар жасыл және көк-жасыл балдырлармен қоректенеді. Жыртқыш циклоптар дернәсілдерімен және қоректенеді. Су тартылып қалғанда, мұз қатқан жағдайда циклоп бездерінен бөлінген сұйықтыққа оранып, қатты қорғаныштық қабық түзеді. 3 жылға дейін тіршілігін сақтап қалады. Суда оттек азайса да, күкіртті сутек көбейіп кетсе де тіршілігін жоймайды. Осы қасиеттеріне байланысты циклоптар кең таралған.
Дереккөздер
Қызықты биология. 2-бөлім: Жануарлар дүниесі (омыртқасыздар). - Алматы: "Таймас" баспа үйі, 2007. - 136 бет. Сәтімбеков Р., Әлімқұлова Р.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер