Чапаев Василий Иванович (28 қаңтар 1887, қазіргі қаласының маңы — 5 қыркүйек 1919, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Чапаев а.) — Азамат соғысының батыры. 1914 — 18 ж. 1-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Подпрапорщик атағын алып, 3 рет Георгиев кресімен, медальдармен марапатталған.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWhMMkU1TDFaaGMybHNlVjlEYUdGd1lYbGxkbDh3TURFdWFuQm5Mekl3TUhCNExWWmhjMmxzZVY5RGFHRndZWGxsZGw4d01ERXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
Өмірбаяны
1917 ж. кеңес өкіметі жағына шығып, 1918 жылғы қаңтардан Николаевск қаласындағы гарнизонның әскери комиссары, 1918 жылдың мамырынан оралдық ақ казактар мен ақ чехтарға қарсы соғыста бригада командирі, ал қыркүйектен 2-Николаевск дивизиясының командирі болды. 1918 жылғы қарашадан 1919 жылғы қаңтарға дейін Бас штаб академиясында оқыды. 1919 ж. наурыздан Ерекше Александров-Гай бригадасының, сәуір — маусымда 25-атқыштар дивизиясының командирі болып, Колчак армиясына қарсы ұрыстарға қатысты. Соғыс қимылдарына ойдағыдай басшылық еткені үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1919 ж. 11 шілдеде 25-дивизия Орал қаласын азат етті. 1919 ж. 5 қыркүйектің түнінде ақ гвардияшылар Ілбішінде (қазіргі Чапаев а.) дивизия штабына кенеттен шабуыл жасады. Ч. өзінің серіктерімен күші басым жауға қарсы ерлікпен соғыс жүргізіп, осы шайқаста жау оғынан қаза тапты.
Ескерткіштер
Ч-тың аңызға айналған ерлігі Д.А. Фурмановтың “Чапаев” повесінде, осы аттас кинофильмінде, әдебиет пен өнердің, т.б. шығармаларында суреттелген. Чебоксары қ. және Чапаев а-нда оған ескерткіш орнатылған, музей ашылған.