Шайхыслям Серікжанұлы Мусин – ауыл шаруашылығы жұмысын ұйымдастырушы, Социалистік Еңбек Ері (1966), Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі (1966), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1974). 1933 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.
Шайхыслям Серікжанұлы Мусин | |
Туған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Қызметі | ауыл шаруашылығы жұмысын ұйымдастырушы |
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Еңбек жолы мен жетістігі
- 1955 жылы Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын бітірген.
- 1955 – 1976 жылдары - Алматы облысындағы асыл тұқымды “Қастек” мал зауытында бас зоотехник, директор.
- 1976 – 1993 жылдары жаңа құрылған “Жамбыл” кеңшарының директоры болды. Оның тікелей басшылығымен кеңшарға жаңа технология енгізілді:
- асыл тұқымды малдан алатын өнімді көбейту, зоотехникалық жұмысының тиімділігін көтеру үшін, өндірісте ең озық технологияны пайдалану жетілдірілді;
- аз өнім беретін шабындық жерлерге көп жылдық шөптесін өсімдіктер егілді; жан-жағынан қоршалып, мәдени дақылдар егілген үлкен алқаптар құрылды;
- механикаландырылған су көтеретін жабдықтармен жабдықталған құдықтар салынды;
- дәруменді ұн және ет-сүйек ұнын (белоктік минералды мал азығы) өндіретін өндіріс цехтары іске қосылды.
- Шайхыслям Серікжанұлы Мусин Қазақстанда алынған малдың аса бағалы биязы жүнді 4 қой тұқымы авторларының бірі.
Наградалары
- Ленин ордені
- 2 мәрте
- "Орақ пен Балға" алтын медалі
- Социалистік Еңбек Ері (1966)
- Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі (1966)
- Есімі Қазақстанның Құрмет кітабына тіркелген (1966)
Еңбектері
- 16 ғылыми еңбек
- 2 авторлық куәліктің иесі
- 1974 жылы “Өндірісті негізге ала отырып, мал бордақылаудың жаңа технологиясын жасап шығару және оны енгізу” жұмысы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Сілтемелер
Дереккөздер
<references>
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998