Шалқар артезиан алабы — Арал теңізінің солтүстігіндегі жер асты суы бар өңір. Ол солтүстігінде Мұғалжардан басталып, оңтүстікте Арал мен Үстірт жотасына келіп тіреледі. Шалқар Артезиан Алабы ауылы ауылында әрқайсысының қалыңдығы 100 — 120 м-дей болатын және жоғарғысы полеогеннің, төменгісі бордың құмды шөгінділерінде қалыптасқан арынды және арыны төмен сулы қабаттар орналасқан. Үстіңгі (палеоген) сулы қабат 150 — 200 м, астыңғысы (бор) 300 — 600 м тереңдікте. Су арынының күші өте зор, қазылған ұңғымалардан су шапшып өздігінен төгіледі. Әр ұңғыманың тәуліктік су өнімі қабаттардың үстіңгісінде 500 — 1200 м³. Судың минералдылығы Мұғалжар маңында 1 — 2 г/л, алаптың ортаңғы жағында 2 — 3 г/л, Арал маңында 2 — 5 г/л. Үстіртке таяу жерде Базай, газ кендерінің маңында астыңғы сулы қабаттың минералдылығы 10 — 15 г/л, үстіңгі қабатта 60 — 75 г/л. Шалқар Артезиан Алабы ауылының тұщы және аздаған ашқылтым суының табиғи қоры 300 км³-ден астам. Одан жылына 450 — 480 миллион м³ су алып, жер суаруға, елді мекендерді тұщы сумен қамтамасыз етуге болады.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер