Шалқар – Есіл алабындағы тұзды көл.
Шалқар | |
![]() | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 309,7 м |
Ауданы | 35,5 км² |
Көлемі | 267,0 млн. км³ |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 209 км² |
Орналасуы | |
53°11′39″ с. е. 68°24′58″ ш. б. / 53.19417° с. е. 68.41611° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°11′39″ с. е. 68°24′58″ ш. б. / 53.19417° с. е. 68.41611° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Солтүстік Қазақстан облысы |
Аудан | Айыртау ауданы |
Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Шалқар ауылының солтүстік-батысына қарай 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 309,7 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 35,5 км2, ұзындығы 15,0 км, су айдынының көлемі 267,0 млн. м3, су жинайтын алабы 209 км2. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Су деңгейінің жылдық ауытқуы 0,5-0,6 м. 1930-1960 жылдар аралығында су деңгейі біртіндеп түскен. Суының минералдылығы көктемгі толығуынан кейін 3,5-4,0 г/л, жазда 4,5-5,0 г/л-ге жетеді.
Жағалау сипаты
Шоқылар арасындағы аңғардағы көл қазаншұңқырында жатыр. Оңтүстік жағалауы көктеректі-қайынды шоқ тоғайлармен көмкерілген, жағаның қалған бөлігі ашық. Су жинайтын алабының 30%-ы жыртылған, кей бөлігіне бетеге-боз өскен. Көлге 5 кішкене өзен құяды. Көл айдыны ашық, түбі жайпақ, ортасына қарай әлсіз еңісті, құмды-тасты, жағалауына таман аздап лайлы. Оңтүстік жағасы биіктігі 8 м жарқабақты, қалған бөліктері жайпақ, қабақтарының биіктігі 3-4 м. Суы мал суаруға және Айыртау, Шалқар елді мекендерінің шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Дереккөздер
- АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер