Шамалған — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Шамалған ауылдық округі орталығы. 2010–2017 жылдары Үшқоңыр деп аталған.
Ауыл | |
Шамалған | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 43°11′30″ с. е. 76°31′55″ ш. б. / 43.19167° с. е. 76.53194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°11′30″ с. е. 76°31′55″ ш. б. / 43.19167° с. е. 76.53194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1910 |
Бұрынғы атаулары | Үшқоңыр |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲28644 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 05 |
Шамалған шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде, Үшқоңыр тауының етегінде, Шамалған өзені бойында орналасқан.
Халқы
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
10013 | ▲13616 | ▲28644 | 210,4 | 6706 | ▲14040 | 209,4 | 6910 | ▲14604 | 211,3 |
Тарихы
Іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Шамалғанда, Айқым және 2013 жылға дейін Шамалған ауылдық округі құрамында болған Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан. Шамалған атауы Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы және Алматы облыстық маслихатының 2010 жылғы 10 ақпандағы N 28-179 шешімімен Үшқоңыр деп өзгертілген болатын , алайда 2017 жылғы 27 шілдеде Алматы облыстық мәслихаттың VI шақырылымының кезектен тыс XIX сессиясы шешімімен ауылдық округ пен ауылға бұрынғы Шамалған атауы қайтарылды
Көпшілік-танымдық орындары
- "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы ;
- "Үшқоңыр" спорттық-сауықтыру кешені
Дереккөздер
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
- "Алматы облысындағы ауылдық округтің және ауылдың атауларын өзгерту туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 11 қаулысы
- Үшқоңыр Алатаудың қойнауында(қолжетпейтін сілтеме)
- Шамалғанда «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды
- Назарбаев «Үшқоңыр» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер