Шамансұр күмбезі, Дауытбек кесенесі — сәулет өнері ескерткіші.
XIII ғасырдағы құрылыстың бір түрін құрайтын Шамансұр күмбезі рабатында, Қарахан күмбезінің шығыс жағына орналасқан.
Күмбез моңғол әскерлерінің бірі Ұлығ Білге — Икбалхан Дәуітбек бейітінің үстіне орнатылған. Күмбездің сәулетшісі де, тұрғызушы-құрылысшысы да белгісіз. Мазардың төбесі қос күмбезден тұрады, күйдірілген кірпіштен қаланып, есіктері ою-өрнекпен әшекейленген күмбездер арка арқылы бекітіліп, сырт жағынан есікке тіреледі. Ішкі бөлменің орта шеніне тастан пирамидаға ұқсас сағана қойылған, оған жерленген адамның аты-жөні, өлген уақыты (1262) арабша жазылған. Жазуды 1939 жылы Т. Беленицкий оқыған.
1982 жылы жөндеуден өтіп, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Dauytbek Mausoleum |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер