Шарф Иван Иванович (1930 жылы туған, Ресей, Ростов обл, Миллер ауданы Калинино с.) – еңбек ардагері, ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы, экономика ғылымының кадидаты (1975). Социалистік Еңбек Ері (1986), КСРО Министрлер Кеңесі сыйлық лауреаты (1980). Қарағанды педагогика институтын (1959), Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1972) бітірген. Арықбалық ауданындағы бастауыш мектепте мұғалім (1948 – 59). Алексеев ауданы Островский мектебінің директоры, Целиноград облысының бірқатар кеңшарында директор (1962 – 75), Есіл ауданы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, 1975 жылдан Целиноград құс ш. өндірістік бірлестігінің бас директоры қызметтерін атқарған. 9 – 11 шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі. Орден, медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |