Шаған – Ертіс алабындағы өзен.
Шаған өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 295 км |
Су алабының ауданы | 25,4 мың км² |
Су алабы | Ертіс алабы |
Бастауы | Ханшыңғыс жотасы |
• Координаттары | 48°46′03″ с. е. 79°06′39″ ш. б. / 48.76750° с. е. 79.11083° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Ертіс өзені |
• Координаттары | 50°37′58″ с. е. 79°15′43″ ш. б. / 50.63278° с. е. 79.26194° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°37′58″ с. е. 79°15′43″ ш. б. / 50.63278° с. е. 79.26194° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | |
Аймақ | Абай облысы Жаңасемей, Абай, Бесқарағай аудандары |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Абай облысы Жаңасемей, Абай, Бесқарағай аудандары жерімен ағады.
Бастауы
Сарыарқаның шығысындағы Ханшыңғыс жотасының батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Шаған ауылы тұсында Ертіс өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 295 км, су жиналатын алабы 25,4 мың км2. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменде кең, жазық. Жағасы көбінесе тік жарлы. Қар және жер асты суымен толығады. Басты саласы — Ащысу. Көктемде тасып, жазда ағыны таулы бөлігінде ғана сақталады, жазықта қарасуларға бөлініп қалады. Қарашада қатып, сәуірдің басында мұзы түседі. Көп жылдық орташа су ағымы 3,9 м3/с, лайлылығы 50 — 200 г/м3. Мал, егін, шабындық суаруға пайдаланылады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер