Шерубайнұра – Қарағанды облысының Шет, Абай ауданы, Бұқар жырау аудандары аумағындағы өзен. Ұзындығы 281 км, су жиналатын алабы 15600 км2. Ендірек жері -10 м, ең терең тұсы - 1.4 м
Шерубайнұра өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 281 км |
Су алабының ауданы | 15600 км² |
Су алабы | Нұра өзені |
Бастауы | Қызылтас тауларының батысындағы бұлақтар |
• Координаттары | 48°51′03″ с. е. 74°15′59″ ш. б. / 48.85083° с. е. 74.26639° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Нұра өзені |
• Орналасқан жері | Ынтымақ бөгенінен 4 км жоғарыда |
• Координаттары | 49°54′28″ с. е. 72°30′28″ ш. б. / 49.90778° с. е. 72.50778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°54′28″ с. е. 72°30′28″ ш. б. / 49.90778° с. е. 72.50778° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы |
Бастауы
Сарыарқаның орталық бөлігіндегі Қызылтас тауларының батысындағы бұлақтардан басталып, Ростовка, Қызылжар, Тегісжол ауылдарының жанынан ағып өтеді. 4 км жоғарыда Нұра өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы жарлы. Өзен алабында жер бетіне шығып жатқан ежелгі тау жыныстары кездеседі. Бойында Қотыр Қызылтау, Қотыртас, Бұғылы қыратты шоқылары бар. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Сәуір айының басында суы тасиды. Мұзы 120-150 тәулік жатады. Шерубайнұраға 12 сала құяды. Негізгі салалары: Қарамыс, Талды, Тұматай, Қызылқой, Топар, Соқыр. Көп жылдық орташа су өтімі Шерубайнұра ауылы тұсында 5,04 м3/с. Өзен суы Жартас, Краснополянское, Шерубайнұра бөгендерімен реттелген. Суында торта, аққайраң, алабұға мөңке, шортан, оңғак, шаян тіршілік етеді. Алабында 14,1 мың га суармалы жер бар.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер